Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнімді еңбек өңірдің өңін кіргізген - АРҚА АЖАРЫ

Өнімді еңбек өңірдің өңін кіргізген

Облыс әкімі Сергей Кулагин Қорғалжын ауданына кезекті жұмыс сапары барысында өңірдің тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы алдындағы  тыныс-тіршілігімен танысты, өскелең міндеттерді  белгілеп, жаңа балабақшаның ашылу салтанатына қатысты.

Өңір басшысы алдымен, Сабынды ауылындағы «МЕТ-777» серіктестігінде болып, екі жылыжайды аралап көрді. Мұнда жылына 17 тонна қызанақ пен бәдірең өсіріледі. Нысанға электр қуаты мен су құбыры тартылған. Сондай-ақ, тағы да төрт жылыжайдың іргетасы қаланыпты. Серіктестік директоры Темірхан Қоңырбаевтың айтуынша, алты жылыжайға құрылыс материалдары сатып алынған. Екі жылыжайға жылу тартылыпты. Қазір бір жылыжайда 2400 түп қызанақ өсірілуде. Екінші жылыжайдан 450 келі қызанақ жинап алынып, Астана қаласының дүкендерінде сатылған. Үшінші жылыжайдың құрылысы жүргізілуде. Бұдан кейін облыс басшысы Қараегін ауылына келді. Осындағы «Жаңа» серіктестігінің наубайханасын аралап көрді. Серіктестік басшысы Марат Қасенов өз сөзінде нан-тоқаш өнімдерін өндіретіндерін, электр пеші мен қамыр илегіш қондырғысын орнатқандарын мәлімдеді.
– Дүкендерге өнімімізді арнайы автокөлікпен жеткіземіз. Жыл басынан бері 210 мың нан бөлкесі пісірілді. Негізінен Қараегін, Сабынды мен Оразақ ауылдарына тасымалданады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несие алдық. Наубайхана күніне бір мың бөлке нан пісіре алады. Жылына 6 миллион теңгеге дейін кіріс кіреді, – дейді ол.
Облыс әкімі Жантеке ауылындағы балабақшаның ашылу салтанатына қатысып, бүлдіршіндер мен ата-аналарды құттықтады. Нысанды «Ақжол-2030» серіктестігі бір жылдың ішінде салып шықты. Жиһаз бен қажетті жабдықтар сатып алынған. 80 орындық балабақшада төрт топ қазақ тілінде оқытылады. Мекеме өз бу қазандығы арқылы жылытылады. Орталықтандырған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Одан әрі өңір басшысы Нұрбақыт Досанбаев басқаратын «ELNURGROUP» серіктестігінің мал бордақылау алаңын аралап көрді. Биыл шаруашылық 161 тонна ет сатқан. Өткен жылы 2 мың бас ірі қараға арналған мал қорасын салыпты. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 мың бас ірі қара, 45 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынған. Қазір шаруашылықта 407 бас ірі қара мал бағылады. Келесі жылы ірі қара мал басын екі мыңға жеткізу межеленген. 2013 жылы Жантеке ауылындағы дәмхана мен тойхана жөнделген. Астана қаласында серіктестіктің ет және ет өнімдерін сататын дүкені жұмыс істейді. Облыс басшысы Қорғалжын аудандық орталық ауруханасында да болды. Мекеме аудан мен Қарағанды облысына қарасты бес ауылдың тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Аудан орталығында жедел жәрдем станциясы жұмыс істейді. Үш қабатты  аудандық орталық аурухана сумен және жылумен қамтылған. Бас дәрігер Марал Архабаеваның айтуынша, үнемделген қаржы есебінен биыл перзентхана жөнделіпті. Өткен жылмен салыстырғанда бала өлімі азайған. Ана өлімі тіркелмеген. Бүгінгі таңда он тоғыз дәрігер еңбек етеді. 13 дәрігер жетіспейді.
Облыс әкімі Сергей Кулагин аудандық мәдениет үйін аралап көрді. Мекеме басшысы Әмина Ілиясова қол жеткізген жетістіктерін саралап айтып өтті. Мұнда халық шығармашылығын дамыту жолында көп жұмыстар атқарылыпты. Ол үшін 58 және 428 орындық залдар, үйірме бөлмесі, спорт және би залы бөлінген. Қазіргі заманғы музыкалық аспаптар сатып алынған. Биыл жеті жүзге жуық мәдени шара өткізіліпті, 49 адам жұмыс істейді. Бұдан соң өңір басшысы жергілікті азаматтарды жеке мәселелері бо-йынша қабылдады. Өңір басшысы аудан активімен кездесіп, аудан әкімі Қайыр Рыскелдиновтың 2016 жылдың 10 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөніндегі есебін тыңдады. Атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Алда тұрған міндеттерге назар аударды. Бірқатар басшылар мен еңбеккерлерді Алғыс хатпен марапаттады.
Суретте: жаңа балабақша қуанышы.
Суретті түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар