Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шаңырақ көтергендеріне 25 жыл - АРҚА АЖАРЫ

Шаңырақ көтергендеріне 25 жыл

 

«Достар» мәдениет сарайында «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясының «Отбасылық құндылықтар» – он екінші күні  аясында ұйымдастырылған іс-шара шаңырақ көтергендеріне ширек ғасыр толған отбасылардың «Мерейтой иелерінің кітабына» қол қойып, облыстық әділет департаментінің сертификаттарына ие болуымен ерекшеленді.

 

Ел тәуелсіздігін алған жылдары шаңырақ құрған отбасыларға тарихи оқиғалар мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына орай бірталай ауыртпалықтарды бастарынан өткеруге тура келді. Сол бір қиындыққа мойымай, шыдамдылық пен төзімділік танытып, шаңырақтарын құлатпай, сақтап қалған отбасыларға құрмет көрсету, жас ұрпаққа үлгі етіп, насихаттау оларға деген құрметтің білгісі.
Биыл олардың отбасылық өмірлерінің басталғанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай, «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі облыстық әділет департаментінің АХАТ және апостильдеуді қамтамасыз ету, бақылау бөлімімен бірлесіп, отасқандарына 25 жыл толған отбасыларды шақырды.Солардың ішінде 25 жыл бойы жұптары жазылмаған, бақытты отбасы атауына лайықты өмір сүріп жатқан Марат пен Майра Әрсеновтер, Марат пен Гүлмира Әлімовтар, Ұлан мен Гүлмира Ақмолдиндер, Азамат пен Айжан Қаймолдиндер, Роман мен Татьяна
Багдановтар, Жантас пен Гүлмира Бейсеновтер бар.
Салтанатты қол қою рәсімінен соң мерейтой иелерін облыстық әділет департаменті АХАТ бөлімінің басшысы Бота Сейфуллина құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Еліміздің нығаюымен бірге іргелері беки түсіп, шаңырақтары шалқыған отбасыларды жастарға үлгі етіп, залға жиналған қауымға осы отбасылардың сыйластығын, татулығы мен бірлігін тіледі. Бұдан соң жұптарды «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Берік Рақышев құттықтады. Салтанатты шарадан соң үлгілі отбасылар мен тәуелсіздіктің құрдастары «Отбасы әлемі» тақырыбында өткізілген кездесуге қатысып, өздерінің отбасылық өмірлері, жеткен жетістіктері мен өмірден алған сабақтары туралы кеңінен баяндап берді.

Ырысалды Шамшиева.

Суретті түсірген В.ГУБАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар