Парламентте құрметтелді

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық мәслихаттың бір топ депутаттарына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасын тапсырды.

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде ағымдағы мәселелер сөз болды. Сонымен қатар, өңір басшысы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыстық мәслихаттың бір топ депуттарына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасын тапсырды. Олардың арасында Сенат бюросының шешімі бойынша тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай отандық заңнама жүйесін дамыту бағытында белсенділік танытқан облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғанов және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті Сағынтай Елубаевтар бар.
Суретте: Парламент Сенатының Құрмет грамотасын облыстық аурухананың бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Серік Аяғановқа тапсыру сәті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар