Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел атын спорты шығарады - АРҚА АЖАРЫ

Ел атын спорты шығарады

«Достар» мәдениет сарайында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов «Ұлы дала елі –Тәуелсіздіктің 25 негізі» акциясының «Спорт жетістігі» күні аясында «Ақмола облысының спорт тарландары» атты облыстық форумына қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жыл ішінде үздік нәтижелерге қол жеткізген спортшылар мен жаттықтырушыларға сыйлықтар табыс етті.

Салтанатты шара басталмас бұрын, жиналған қауым спортшылардың спорттағы жетістіктері паш етілген көрмемен танысып, түрлі дүбірлі додаларда топ жарып, облыс, рес-публика атын аспандатып жүрген ақмолалық спорт тарландары туралы деректі фильмді тамашалады.
Облыс әкімінің орынбасары алдымен Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қайраткері» төсбелгісімен шаңғы спорты бойынша Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген бапкері Анатолий Шерстнев пен ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген спорт шебері Сергей Копытовқа табыс етті. Онан кейін Ақмола облысы күрес федерациясының президенті Ораз Шырақбаевты «Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің төс белгісімен марапаттады. Спорттың олимпиадалық түрлері ішінде «2016 жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша әлем чемпионы Дина Жоламан үздік деп танылып, оған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы арнайы жүлдемен қатар ақшалай сыйлық табыс етілді. Бокстан Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген бапкері Александр Высоцкий «2016 жылдың жаттықтырушысы» аталымы бойынша марапатталды.
Сондай-ақ, спорттық форумда  «Үміт», «Олимпиада үміті», «Алтын резерв», «Ұлттық спорт түрлерінен 2016 жылдың үздік спортшысы», «Жас спортшы», «2016 жылдың үздік спорт мектебі», «2016 жылдың өңірлік спорт басшысы» және тағы да басқа аталымдар бойынша  жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сый-сияпаттар жасалды. «2016 жылдың спорт тілшісі» аталымы бойынша облыстық телеарнаның тілшісі Қалымбек Мұхамеджанов пен облыстық «Акмолинская правда»газетінің тілшісі Марина Маркевич лауреат атанды.

 

 

Танымал спорт журналисі Қалымбек Мұхамеджановтың есімі облыс жұртшылығына жақсы таныс.     
Жомарт жүректі жан «Ақмола облысының спорт тарландары» форумында алған ақшалай сыйлығын көп алдында Астрахан ауданынан келген 19 жасар спортшы Меруерт Сүлейменоваға байлады.
– Мен Астрахан ауданына барғанда Меруерттің спортқа деген ынта-жігерін көріп, қатты разы болдым. Ол Жарсуат елді мекенінде тұрады. Сондағы шаруа қожалығында еңбек етеді. Ауылдан 17-18 шақырымдай жердегі Жалтырда орналасқан оқу-жаттығу залына күн сайын жаяулап-жалпылап барады. Бірде елдегі механизаторларға ілесіп барса, енді бірде үйдегі әжесі Шолпан Ахметжанқызы ат арбамен апарып тастайды. Осы орайда, оны спортқа баулып жүрген бапкері Бақтияр Жұмабековтың да еңбегі орасан. Меруерт мінекей бес-алты жылдың жүзінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Ол Ирландияның астанасы Дублин қаласында әлемнің 39 елінен келген 700-ге тарта спортшы қатысқан додада 68 келі салмаққа дейінгі қыздар арасында жұлқи көтеруден әлем чемпионы атанды.  Сол жолы Меруерт 24 келі кір тасын 131 рет көтерген екен. Таяуда ғана Ақтөбеде өткен әлем чемпионатында да оза шауып, күміс жүлдені қанжығасына байлады. Іргесінде тұрса да жаттығу залына баруға ерінетін қыз-жігіттерге үлгі болсын деп өз жүлдемді
Меруертке беруді жөн санадым, – дейді журналист.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар