Газетімізде бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Жалпыұлттық телекөпір барысында еліміз бойынша «Алтын сапа» байқауының арнау-лы сыйлықтары тапсырылды. Биыл бұл сыйлықты алған кәсіпорындар саны жүзден асады.
Дәстүрлі сыйлық «Өндіріске бағытталған үздік кәсіпорын», «Тұрғындар үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымдарына берілді. Елбасы алдымен, «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын кәсіпкерлерге табыс етті. «Алтын сапа» сыйлығын алғандардың ішінде біздің өңірдің тұрғындары үшін тауарлар өндіретін «ТНК» Агрофирмасы» серіктестігінің болуы үлкен қуаныш. Аталмыш ірі ауыл шаруашылығы құрылымына «Ауылдан үстелге дейін» қағидаты бойынша табиғи өнімнің жоғары технологиялық өндірісіне мамандандырылған он бес компания кіреді. Серіктестіктің азық-түлік қорының негізін астық өнімі, ұн, жем, қатты ірімшік, сүт өнімдері, шұжық өнімі, ет консервілері мен жартылай шикізаттар құрайды. Сондай-ақ, кәсіпорын асыл тұқымды мал бағып, ірі қара мен жылқы етін өндіреді. Компания өнім өндіру кезінде тек қана табиғи шикізат пайдаланып, «Жақсы» сауда маркасымен шығарады.
Өткен жылдың басында кәсіпорын өз брендін жылжытуға және тұтынушымен тікелей жұмыс істеуге белсенді бағыт алды. Компанияның 200 мың гектардан астам егістік алқабы бар. Серіктестікке кіретін астық қабылдау кәсіпорындары ТМД елдерінің ең ірі дайындау кәсіпорындарының бірі болып танылды. Қазақстандағы ұн өндірісі көлемінің жеті пайызға жуығы компанияның диірмен кешенінде өндіріледі. Қышқыл сүт өнімін өңдеудің барлық әдісі игерілді. Жекеменшік тауарлы сүт фермасының қуаты тәулігіне 20 тонна сүтке дейін жеткен. Өткен жылдың соңында компанияның азық-түлік тағамдары қоры өңделген ет өнімімен толықты. «ТНК» Агрофирмасы озық технология мен басқару әдісі серпінді дамып келе жатқан компания болып табылады.
– Әрине, жоғары награ-даны алу біздің компания үшін құрмет әрі бедел. Біздің мақсатымыз – табиғи әрі сапалы өнім өндіру, тұтынушылардың өнімге деген ең жоғары қатаң талабына жауап беру, – дейді «ТНК» Агрофирмасы» серіктестігінің ақпараттық технология және сапаны бақылау жөніндегі директоры Людмила Реммеле-Кошелева.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының
баспасөз қызметі.