«Мәдениет және руханият» күні «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры Көкшетау қаласындағы №2 орта мектепте театрландырылған «Мәңгілік – мұра» байқауын өткізді.
Жас таланттарды анықтап, мектеп оқушыларының шығармашылығын шыңдау мақсатында өткізілген шарада «Салт-дәстүр», «Қазақстан халқы достығы», «Қазақ елінің қалануының тарихи оқиғалары», «Еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктері» тақырыптары бойынша қатысушылар қойылымдар қойылып, жас өнерпаздар өнерлерін ортаға салды.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік қойылым» аталымын Көкшетау қаласының №18 орта мектебі жеңіп алса, «Хореографиялық шеберлік» аталымы №4 орта мектебінің оқушыларына бұйырды. Ал, «Аспапты жанр» аталымы Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Краснояр селосының жас дарындарына берілді. Зеренді ауданының балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері «Актерлік шеберлік» аталымына лайық деп танылды. Сонымен қатар, байқау барысында дауысымен әділқазыларды тәнті еткен Көкшетау қаласындағы №18 мектебінің оқушысы Аружан Әнуарбекова Ж.Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінде тегін оқуға мүмкіндік алды. Осылайша барлық қатысушылар ұйымдастыру алқасының марапаттары мен бағалы сыйлықтарына ие болды.
Назгүл Рабилрва.