Маңызды мәселелер қаралды

Кеше өңір басшысы Сергей Кулагин аппарат кеңесін өткізді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне дайындық және республикалық, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының қысқы маусымдағы жай-күйі жан-жақты қаралды.

Ел тәуелсіздігі мерекесіне орай, жүр-гізіліп жатқан қауырт дайындық  туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов баяндап берді. Баяндамашының сөзін бағамдағанда, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын лайықты атап өтуге бағытталған жұмыс кестесіне сәйкес қолға алынған барлық мазмұнды іс-шаралар  өз кезегімен өткізіліп, мәреге жетуге таяу. Аймақта қараша айының 21-інен бастап, байтақ еліміздің барша аумағы тәрізді, өңірдің елді мекендерін тегіс қамтыған жұлдызды 25 күн аясындағы шаралар өткізілуде. Оған қоса Ақмола облысының тәуелсіздік жылдары қол жеткізген толайым табыс-тарын кеңінен жарқыратып көрсететін ақпараттық мазмұндағы медиа-жоспар жүзеге асырылуда.
Өңір басшысы мереке күндері барлық тиісті ұйымдардың кезекшілік ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Әсіресе, коммуналдық және құтқару қызметтері тәулік бойы жұмыс істеу керек. Жауапты адамдар бекітілуі қажет. Аппарат кеңесінде қыс маусымында автомобиль жолдарын қалыпты жағдайда ұстап тұру мәселесі де көтерілді. Бұл мәселе бойынша жолау-шылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бекзат Бекішев пен «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Талғат Смағұлов есеп берді.
Б.Бекішевтің айтуына қарағанда, өңірдегі 7890 шақырым автомобиль жолының қысқы маусымдағы жай-күйі қатаң бақылауда. Бұл жолдың ішінде облыстық маңыздағы 2665 шақырым, аудандық маңыздағы 2965 шақырым автомобиль жолдары бар.
– Облыстық маңыздағы автомобиль жолдарын тазартып отыру үшін 81 дана техниканы және қажетті жанар-жағармай мен көк тайғаққа төселетін материалдарды да-йындап қойдық. Қар жиі алатын өңірлердегі жолдардың жайы да алдын ала есептеліп, екшелді.  Ұзақтығы 300 шақырымды құрайтын жүзге таяу учаскелер ұдайы назарда ұсталуда,–деді өз баяндамасында Б.Бекішев.
Қазіргі күні мердігер ұйымдар мен олардың диспетчерлік қызметі арасында жедел байланыс орнатылған. Үстіміздегі жылы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын және Көкшетау, Степногорск қалаларының көшелерін қардан тазалау үшін 180,8 миллион теңге қаржы қарастырылған. Жергілікті шаруашылық жүргізуші нысандармен 211 меморандумға қол қойылған.   
Талғат Смағұлов республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының жай-күйі туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы облыстық филиалының жауапкершілігінде 2260,5 шақырым автомобиль жолдары бар. Жолдарды қардан аршу, тазалау, сондай-ақ, жолаушылар іркіліссіз жүретін барлық жағдайды туғызуға байланысты басқа да шаруалар күні  бұрын бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қар жиі алып қалатын 365 шақырым жол ерекше назарда. Техника 97 пайыз дайын. Қыс маусымында жол тазалауға 143 техника шығарылады.
Кеңес соңында облыс әкімі табиғаттың тосын мінезін ескере отырып, жолды тазалап, күтіп ұстайтын ұйымдар мен құтқару қызметтеріне бірлесе жұмыс істеу керектігін тағы бір қадап айтып өтті.    
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар