Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үш жылдық бюджет бекітілді - АРҚА АЖАРЫ

Үш жылдық бюджет бекітілді

Облыстық мәслихаттың депутаты Аждар Тайшытаевтың төрағалығымен өткен алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың VII сессиясына облыс әкімі Сергей Кулагин қатысып, қабылданған үш жылдық бюджетке қатысты ой-пікірлерін білдірді және биылғы жемісті жұмыстары үшін депутаттар алғысын жеткізіп, Тәуелсіздігіміздің келе жатқан 25 жылдық мерекесімен құттықтады.

Күн тәртібіне облыс өмірі үшін маңызды жиырмадан астам мәселе ұсынылған мәслихат сессиясында депутаттар 2017-2019 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті қарап, бекітті. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаровтың баяндамасында бюджеттің негізгі басым бағыттары мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау сияқты маңызды салаларға бөлінетін қаржы жайында жан-жақты және толымды айтылды. Білім, денсаулық сақтау, спорт салаларына бөлінетін қаржы біршама арта түскен. Өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді оқып, үйренуге ынталандыру және мемлекеттік тілді дамыту мақсатына 60 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Ауыл шаруашылығын дамытуға 15 миллиард теңге қарастырылса, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыспен күреске 6 миллиард теңге бөліну жоспарланған. Басқарма басшысының айтуынша, бюджет әлеуметтік саладағы өзіне алған міндеттер мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру сияқты басым бағыттарды орындауға мүмкіндік береді.
Облыстық мәслихаттың депутаты, бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Серік Аяғанов  ел тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңында қабылданғалы отырған үш жылдық бюджеттің жетістіктері жайында айта келе,  2000 жылғы облыс бюджеті 11 миллиард теңгеден бүгінгі күні 197 миллиард теңгеге дейін өскендігін, осыған орай, өңіріміздің экономикалық  әлеуеті де еселеп артқандығын атап өтті.
Облыс әкімі Сергей Кулагин көптеген сала, мекеме басшылары ақша қажет деп сұрайды да, берілген қаржыны игеруге келгенде икемсіздік танытады деп атап өтті. Осыған орай, алдағы уақытта бюджет қаржысы тек оны игерген мекемелерге ғана берілетін болады. Жергілікті жерлерде ұзақ жылдар бойы жөнделмеген мектептер мен мәдениет үйлері бар. Оларға күрделі жөндеу жүргізу қажет. Бірақ, жергілікті басшылар жобалық-сметалық құжаттарды уақытында дайындамайды және кейбір басшылар тендер өткізуді себепсіз созып, осыған байланысты бөлінген қаржы пайдаланылмай жатады, – деді облыс басшысы.
Жергілікті полицияның құқық бұзушылықпен, қылмыспен күрес жұмыстары бағытындағы атқарған шаруалары жөнінде облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Жанбай Омаров баяндады. Биылғы жылдың қаңтарынан бастап жергілікті полиция облыс бюджетінен қаржыландырылып, халық алдында есеп беретін болды. Облыс әкімдігінің қолдауымен жергілікті полицияның материалдық жағынан қамтамасыз ету мәселесі біршама жақсарғанын атап өткен жөн. Осы орайда, бюджеттен 500 миллион теңге қаржы бөлініп, оған қажетті автокөліктер мен ұйымдастыру техникалары сатып алынды. Биылғы жылдың өткен 11 айының қорытындысына сай жергілікті полиция қызметі бастығының айтуынша, ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері бойынша қылмыс саны біршама азайған. Жол апаттары  да өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда біршама кеміген. Дегенмен, бұрын сотталған адамдар тарапынан жасалатын қылмыстар мен мастықпен жасалған қылмыстар саны өскен. Жергілікті полиция қызметінің бастығы осы орайда, жұмыстарына қиындық келтіріп отырған мәселелер туралы да айтып өтті. Облыста сегіз мыңнан астам адам маскүнем ретінде есепте тұрса, жыл басынан бері маскүнемдікпен емдеу орнының тапшылығынан 242 адам ғана емдеуге жіберілген. Бүгінде Көкшетау және Степногорск қалаларында ғана айықтырғыштар бар. 191 учаскелік полиция қосынының 151-і күрделі жөндеуді қажет етеді.
Облыс әкімі жергілікті жерлердегі бос тұрған ғимараттарға жөндеу жүргізіп, оны жергілікті полицияға беру мәселесін шешуге назар аударды. Мұндай ғимараттар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет  саласында аз емес. Яғни, бұл мәселені өзара келісіп, сатылап шешуге болады.
Облыстық мәслихат сессиясында сондай-ақ, мемлекет және жеке әріптестік жобаларына сай мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, мемлекеттік орман қорын пайдалануға қатысты жеке тұлғалардан жарна жинау тәртібі, Атбасар, Целиноград аудандарындағы бірқатар елді мекендердің ата-
уын өзгертуге қатысты және басқа да  мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды, келесі сессияның күн тәртібі бекітіліп, оның төрағасы сайланды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар