Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бұл менің өмірімнің барлық мәні» - АРҚА АЖАРЫ

«Бұл менің өмірімнің барлық мәні»

Жуырда Родина ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті.

 

Игі шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Родина» агрофирмасының бас директоры И.А.Сауэр, Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев, Ассамблея  мен этномәдени орталықтардың мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Меймандар ең алдымен Родина ауылына саяхат жасап, осы шаруашылықтағы кешенді сүт фермасын аралады.  Салтанатты жиында  Ералы Тоғжанов сөз сөйледі: – Мерейлі мереке қарсаңында біз шаруасы шалқыған, берекесі мен бірлігі жарасқан елді мекенге ат басын тіредік. Еселі еңбектің толымды нәтижелері де көзге көрініп тұр.
Өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі Малғаждар Сәттарұлы астаналық елді мекендердің жүйелі түрде дамып келе жатқандығына тоқталды.
– Жылдың нәтижелерін шығара отырып, ауданымызда Елбасының алға қойған мақсат-межелерін орындап шығуға мүмкіндік бар деп айтуға болады. Өнеркәсіп өндірісі 158,0, ауыл шаруашылығы 145,2, құрылыс жұмыстары 96,6, инвестиция көлемі 63,6 пайызға артып, орташа айлық жалақы 95168 теңгеге жетті. Ағымдағы жылы Астана базарларына 7620 тонна сүт өнімдері, тірідей салмақта 4980 тонна ет, 14,9 миллион дана жұмыртқа жеткізілді.
«Родина» агрофирмасының бас директоры,  Қазақстанның Еңбек Ері,  Иван Сауэр  осы орайда көптеген адамдарды ойландыратын бірқатар деректер мен дәйектерді алға тартты.
Осы кезең аралығында Иван Адамовичтің бастамасымен және қаржылай қолдауының арқасында ауылдың 250 жас қыз-жігіті тегін жоғары білім алып шықты. Жалпы алғанда кадр мәселесін шешуде көптеген ауыл шаруашылығы басшылары родиналықтардың тәжірибесін қаперге алса, құба-құп болар еді. Сондықтан, мұнда маман тапшылығы деген атымен жоқ. Шаруашылық көп жылдардан бері Новоишимкадағы №9 кәсіптік лицеймен тығыз қарым-қатынаста. Аудан бойынша астықтың жалпы түсімінің 25 пайызы «Родина» шаруашылығына тиесілі.
Иван Адамович мұнан әрі кәсіпорындағы еңбек ұжымының қазіргі жетістіктерін саралап берді. Жыл қорытындысы бойынша таза табыс 600 миллион теңгені құрады. Осындай  табысқа үлес қосқан әрбір еңбек адамына бір айлық жалақы мөлшерінде сыйақы берілмекші. Сауэрдің «Президент сыйлығы» деп атайтын қаржы мөлшері қомақты.
Осы жылдың 20 қарашасында өткен жоғары деңгейдегі форумда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Иван Сауэрге мынадай сауал қойған еді:
– Сіз үшін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығының маңызы неде?
– Бұл менің өмірімнің барлық мәні. Егер менің барлық ауылдастарым осылай деп жауап берсе, шексіз бақытты болған болар едім.
Салтанатты шара барысында еліміздегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайтып, әлеуметтік -экономикалық саланың және мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін И.А.Сауэр мен бірқатар шаруашылық еңбеккерлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясы мен аудан әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.

 Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар