Алдағы күндерде де еншіміз мол

Астанадан өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы атап өткендей қиындықтар қай кезде де болады.

Кейбіреуі адамдардың өздеріне байланысты. Билік басындағыларға да, қатардағы қызметкерлерге де кейде талап, еңбек, қанағат, жауапкершілік, тәртіп, істің барысын бақылау, нәтижесін саралау жетіспей жатады. Аяққа тұсау болатын, меніңше осы олқылықтар. Бізде мүмкіндіктер мол. Елдің болашағы да зор. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында тайға таңба басқандай атап өткен болатын. Бүгінгі таңда елімізді отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Жолдауда да ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде фермерлік, шағын және орта бизнесті дамыту бағытында Үкіметке бірқатар міндеттер жүктегені белгілі. Екі жүзден астам адам еңбек ететін кәсіпорында соңғы бірер жылда өндірісті жаңғырту жұмыстарын қолға алып отырмыз. Мемлекеттің кең көлемді қолдауына сүйене отырып, өндірісті әртараптандыру, былайша айтқанда, кластерлік қадамдарға ден қоюдамыз. Осы бағытта биылғы жылы өндірісті кеңейту үшін 25 миллион теңге көлемінде инвестиция салдық. Бұл қаржыға құрал-жабдық сатып алынып, балмұздақтың қосымша жаңа 6 түрін шығару көзделген. Оған қоса ірімшіктің де жаңа бірнеше түрі шығарылатын болады. Зауыт өнімдерін тұрғындар әлі күнге айрықша сұраныспен сатып алады. Осының арқасында жұмысшылардың табысы артып, әлеуметтік жағдайы арта түсуде. Мұны біздің кәсіпорын тарапынан еліміздің көшбасшы мемлекеттердің қатарына жетелейтін ел экономикасының дамуына қосып отырған мысқалдай болса да үлесі деп түсінуге болады. Бүгінгі ұлы мереке тұсында халқыма, замандастарыма, жастарға айтар тілегім, Тәуелсіздігіміз баянды бола түссін, бірлігіміз арта берсін, жастар табыстан табысқа жетіп, ел-жұртын қуанта берсін! Әсен ЖАҚСЫЛЫҚОВ, «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар