Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көңілге қуаныш ұялайды - АРҚА АЖАРЫ

Көңілге қуаныш ұялайды

Биыл еліміз үшін айтулы жыл. Ата-бабамыздың ғасырлар бойғы арманы болған тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Мен үшін Астанада өткен тәуелсіздігіміздің мерейтойына арналған салтанатты мәжіліске қатысу үлкен қуаныш болғанын атап өткім келеді. Мәжілісте Елбасы баяндама жасап, тәуелсіздігімізді алған ширек ғасыр уақыт ішінде қол жеткен жетістіктер жайында жан-жақты әңгімелеп берді.

1990 жылдарда  Одақ тарап, еліміз егемендікке ие болған кездегі қиындықтар әлі күнге көз алдымызда. Дүкен сөрелері жылан жалағандай босап қалған, ақша күн санап құнсызданып, өндіріс орындары тоқтап жатқан сол қиын кезеңде дағдарыстан шығар жол тауып, бұрынғы жоспарлы экономикадан нарыққа көшіп, елді тығырықтан алып шыққан Елбасының көреген саясаты мен дана басшылығы болғаны белгілі. Қазір еліміз шүкір, әлемнің ең озық елу мемлекетінің қатарында. Халықтың тұрмысы жылдан жылға жақсарып келеді. Арқаның төсінен салынған жаңа Астанамыз әлемнің ең сәулетті шаһарларының біріне айналды. Алдағы жылы ТМД елдері арасында бірінші болып ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастырғалы отырмыз.
Бұрын Одақтың құрамында шикізат өндіретін артта қалған республика болып келген Қазақстан қазіргі күні әлемнің 115 еліне 2,5 мың түрлі тауарды экспортқа шығарады екен. Қазіргі күні еліміздің өнеркәсіп орындары бұрын ешқашан бізде шығарылмаған 500 түрлі жаңа  тауар түрлерін өндіреді. Мұның бәрі тәуелсіздігіміздің арқасында және Елбасымыздың іскерлік ұйымдастырушылығының нәтижесінде қол жеткен жетістіктер екендігі анық.
Қазір Қазақстан әлемдегі астықты экспортқа шығаратын ең алдыңғы он елдің бірі болып саналады. Кеңес заманында республикамызға Одақтың өзге аймақтарынан мыңдаған адамдар мен техника көмекке келетін болса, қазір шетелдік алымдылығы жоғары жаңа техникалардың арқасында әр шаруашылық өз астығын ың-шыңсыз қысқа мерзімде жинап алып жатыр. Тағы бір айтарлығы, шаруашылықтар егін өсірудің озық технологиясын пайдаланып, ауа райына тәуелді болмай жыл сайын бітік егін өсіретін болды. Биыл облысымыз  рекордтық астық жинап, 5,7 миллион тонна астықты қамбаға құйып алды. Бұл ел тәуелсіздігінің мерейтойына арналған үлкен сый десек, артық емес.
Елбасының баяндамасы еліміздің қол жеткен жетістіктерін қайта көз алдымыздан өткізгендей және ертеңгі жарқын болашаққа деген сенімімізді арттыра түскендей ерекше әсерін тигізгенін атап өткім келеді.

Әділхан КЕНЖЕБАЕВ,
 «Қазэкспортастық» ЖШС-нің
бас директоры,
Қазақстанның Еңбек Ері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар