Иван САУЭР,
«Родина» ЖШС-нің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері
Біздің ең бірінші кезекте атап өтуге тиісті ерекше жетістіктеріміздің бірі – 25 жыл ішінде елдегі кәсіпкерлік қызметтің қарқынды өсіп-өркендеуі деп ойлаймын. Себебі, осы кәсіпкерлік арқылы әрбір отбасының тұрмыстық жағдайы түзеледі. Ал, әрбір отбасының жағдайына қарап, тұтас мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін байқауға болады.
Осы тұрғыдан келгенде, кәсіпкерлік қызмет – ел дамуының негізгі ұстыны әрі бұл сала зор маңызға ие екенін түсінеміз. Солай десек те, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында біздің кәсіпорындардың келешегіне күмәнмен қарағандар да көп болды. Алайда, біз сондай күдік-күмән мен қиын-қыстау уақытқа қарамай, Нұрсұлтан Әбішұлының саясатын қолдап, өз кәсібіміздің тасын өрге домалату арқылы биік белестерді елмен бірге бағындыра алдық. Мұның өзі мол жеңіс, зор мәртебе.
Целиноград ауданы.