Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Мәңгілік ел» мұратына адалдық - АРҚА АЖАРЫ

«Мәңгілік ел» мұратына адалдық

тәуелсіздіктің сындарлы асуларында бізге осы бір қасиет керек

Биыл еліміз өз тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Ширек ғасырдың ішінде қол жеткен жетістіктеріміз аз емес. Ең алдымен, ата-баба арманы болған тәуелсіздігімізді алып, оны баянды еттік, жүзден астам ұлтқа мекен болған мемлекетіміздің іргесін бекітіп, әлем қауымдастығынан лайықты орнымызды алдық. Өндірісімізді өрге бастырып, халықтың тұрмысын түзедік, ұзақ жылдарға арналған даму бағдарламамызды жасап, елді соған жұмылдырдық. Тағы бір жетістігіміз, жалпыхалықтық Мәңгілік ел патриоттық идеямызды жасадық.       
Мәңгілік ел болудың басты шарты  –  тәуелсіз ел болып мемлекет құру ғана емес, тәуелсіз мемлекеттің халықаралық талапқа сай бекітілген шекарасы, мемлекеттік рәміздері, халықты рухани біріктіретін  мемлекеттік тілі, өзінің валютасы, Қарулы Күштері  болуы шарт.  Ел тәуелсіздігін алған тұста елімізде қазақтың саны 6,8 миллион  немесе 41 пайызы  болса, қазір  11 миллион-нан  асты немесе 66 пайыз болып отыр. Сөйтіп,  қазақтың саны  төрт миллионға артты.  2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қаріпіне көшіруге кірісуіміз  керек. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балалардың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға  ықпал етеді. Ұлт бірлігінің негізгі қағидаларының бірі  ұлт рухын нығайту және дамыту. Біздің ұлттық рухымызды көтеру үшін негізгі басымдықтар: дәстүр мен отансүйгіштік рухы, жаңару рухы, жеңіс рухы. Бізді ұлт ретінде сақтап тұрған  тіліміз, дәстүрлі құндылықтар мен қайталанбас төл мәдениетіміз халыққа жүздеген жылдар бойы демеу болып, оны тарих жолында тарап кетуден сақтап қалды.  Елбасының «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген сөзі елдің бірлігіне, Мәңгілік ел болуға бағытталған. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі  ретінде мемлекеттік басқаруда, заң шығаруда, сот ісін жүргізуде, білім беру және іс жүргізуде және мемлекеттің аумақтарындағы барлық қоғамдық қарым-қатынастар саласында қолданылады. Қазақ тілінің миссиясы Қазақстан халқының тұтастығын қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ, әрбір азаматты жеке тұлға ретінде рухани дамуға бағдарлау, толерантты қоғам қалыптастыру саясатына негіз болу.
 «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі мен «Жас ұлан»  бірыңғай жасөспірімдер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Закировпен бірлесіп .Көкшетау қаласының 20 балабақшасының тәрбиеленуші бүлдіршіндерінің арасында өткен «Қазақшаң қалай, балақай?» байқауында көзіміздің жеткені, басқа ұлттың бүлдіршіндерінің қазақ тілінде сөйлей бастағандығы болды. Облыстың халық ассамблеясында балалар сегіз ұлттың тілінде оқып жатыр. 2017 жылдың  қаңтар айынан бастап этномәдени орталықтардың ересек өкілдері қазақ тілінде оқуға ниет білдіріп отыр. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының жыл сайын басқа ұлттың жастары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау өткізгенде көз жеткізгеніміз, басқа ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылықтары артып, мен Қазақстанның азаматымын деген сана сезім қалыптасып келе жатқаны байқалады.
Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз, ұлт болып сақталып қалудың негізі. Және қазақ тілі жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің рухани мәдени құндылығы. Қазақ мәдениетінің төңірегіне өз ұлтымызды  және басқа ұлттардың өкілдерін ұйыстыру арқылы  ең түпкі мақсатымыз   Мәңгілік ел болу. Аңсаған арманға жету өз қолымызда, ағайын.
«Дін жолында біз Әбу Ханифа мәзхабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді ата-ананы сыйлауға  негізделген. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенін мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз. Біз елдің дәстүрлерімен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек. Діни экстремизм қаупі ерекше алаңдаушылық тудырып отыр.
Соқыр фанатизм бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне жат. Ол Қазақстанның мұсылмандары ұстанатын Ханафи мәзхабына қайшы келеді. Қоғамға, еліміздің тұтастығына, адамдардың өміріне төнген қауіпті залалсыздандыру үшін заңды жетілдіру керек»,  –  дейді Елбасы.  «Тәрбиесіз білім қоғамға қауіпті» деген ата сөз тегін айтылмаған. Бауыржан Момышұлы: «Менің үш қорқынышым бар: Біріншіден, бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбеюінен, екінші – немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбеюінен, үшіншіден, салт-дәстүрін сыйламайтын ұрпақтың көбеюінен қорқамын» деген. Бұл батыр бабамыздың  тіл мен ұлттық дәстүрдің болашағына  алаңдауы. Ал, елінің тарихын, ана тілін, салт-дәстүрін білмейтін ұрпақ өсірсек, ұлт болып сақталып қаламыз ба? Осы күдік, әсіресе, біздің солтүстік өңірлерде туындап тұр. Кейбір жиналыс-тарда, жұмыс отырыстарында мемлекеттік қызметтегі шенеуніктердің мемлекеттік тілде сөйлемейтіні қынжылтады. Осы кемшілік түзелсе, біз ешкімнен кем болмаймыз.  Тарих үшін қас-қағым уақытта әлем таныған орта деңгейдегі дамыған елдер қатарына қосылып, 200-ге жуық мемлекеттің ішінен суырылып шығып, әлемдегі бейбітшілікті сақтап, халықаралық мәселелерді шешетін 15 елдің бірі болып БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің уақытша  мүшесі болуға қол жеткізу әрбір халықтың маңдайына жазып  бермейтін бақ.
Еліміздің жаңа сапалы даму жолымен бес институционалды реформаны іске асырып, дамыған отыз елдің қатарына қосылып, болашағы зор  ұлт болуға,  Мәңгілік ел  болу ұлы  мұратымыз десек, осы биіктен көрінейік, ағайын!
Мейрамбек ҚИЫҚОВ,
 облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар