Партия алға қойған міндеттерге сай жұмыс істеудеміз

«Жалын» бастауыш партия ұйымының 41 мүшесі бар, ол «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің бастауыш партия ұйымының ережесіне» сәйкес 2015 жылдың 1 шілдесінде құрылған. 2016 жылдың 20 қазанындағы жағдайға орай, «Жалын» бастауыш партия ұйымының құрамы  59 адамнан және мынадай партиялық топтарға тұрады:
 «Ақмола облысы әкімінің аппараты» партиялық тобы – 34 адам;
«Облыстық мәслихат аппараты» партиялық тобы – 8 адам;
«Облыс әкімі аппаратының мамандандырылған базасы» партиялық тобы – 5 адам;
«Облыстық қаржы басқармасы» партиялық тобы – 5 адам;
«Мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес істері жөніндегі агенттігінің Ақмола облыстық департаменті» партиялық тобы – 4 адам;
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, мұрағат басқармасы мен Достық  үйінен – бір-бір адамнан.
59 партия мүшесінің 30-ы немесе  51 пайызы әйелдерден тұрады. «Жалын» БПҰ төрағалары мемлекеттік мекемелердің басшылары болғандықтан, бұл партиялық жарнаны жинау жұмыстарын біршама жеңілдетеді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде   бүгінгі күні биылғы жылдың партиялық жарнасын жинау көлемі  жүз пайызды құрап отыр. Барлық партиялық топтар биылғы жылғы мүшелік жарналарын толық көлемде жинап берді.
Партияның Көкшетау қалалық филиалының көрсеткіштерімен  партия мүшелерінің саны және жарна көлемі ай сайын салыстырылып отырылады. Жыл басынан бері партия мүшелерінің қатары 20 адамға толықты, олардың 8-і басқа бастауыш партия ұйымдарынан келсе,  12 адам жаңадан мүшелікке өткендер. Партия қатарына өткендердің арасында  облыс әкімі аппаратының 9 жауапты қызметкерлері және 3 қаржы басқармасының жауапты маманы бар. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Биылғы жылдың 5 шілдесіндегі партияның Орталық аппаратының тапсырмасын орындау мақсатында партияның Көкшетау қалалық филиалына  «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы «кәсіпкерлікті қолдау», «мемлекеттік қызмет көрсету» және «жемқорлыққа қарсы күрес» бағыттары бо-йынша қолданыстағы заңдарды жетілдіруге байланысты 6 ұсыныс жолданды.
«Нұр Отан» партиясының 9 партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Жалын» БПҰ кіретін облыс әкімі аппараты, қаржы, мұрағат және құжаттандыру, кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармалары партия топтары биылғы жылдың басында  «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлерді құрметтеу шеруін өткізді. Осы жоба шеңберінде барлығы 8  шара өткізіліп, оған 260 адам қатысты. Мәселен, биылғы жылдың 4-10 қазаны аралығында қаржы, мұрағат және құжаттандыру, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары партия топтарының белсенділері осы салаларда еңбек еткен 33 ардагердің үйлерінде болып, оларға материалдық көмек көрсетті және азық-түлік пакеттері таратылды. Сондай-ақ, мұрағат және құжаттандыру басқармасының партия  тобымен биылғы жылдың  4 қазанында осы саланың ардагерлерімен кездесу өткізіліп, онда ардагерлерге азық-түлік пакеттері тапсырылды.
Биылғы жылдың 21 қазанында облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерімен салтанатты шара өткізіліп, мерекелік дастархан жайылды, ардагерлерге материалдық көмек  көрсетілді. 30 қазанда да  облыс басшысының қатысуымен осындай шара өткізіліп, оған аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан 80 ардагер шақырылды.
Облыс әкімінің бастамасымен  «Бақытты балалық шақ» жобасы жасалып, жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар барлық өңірлерге жіберілді. Биылғы жылы облыс бойынша 147 ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар баспанамен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, 65 жетім бала қамқоршыларға, асырап алушыларға берілді.
«Мейірім» акциясы шеңберінде демеушілердің қолдауымен балалар үйлерінің 31 тәрбиеленушісіне «Қазақстанның Тұрғын үй жинақ Банкінен» есеп-шот  және 203 жалпы жинақтау шоттары ашылып, ақша аударылуда.
«Ұлы дала елі» партиялық жобасын жүзеге асыру мақсатында биылғы жылдың 26 қазанында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Достық үйінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановтың және облыс әкімі Сергей  Кулагиннің қатысуымен  
Қазақстан халқы Ақмола  ассамблеясының кеңейтілген мәжілісі өткізілді.
Мәжіліс барысында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының және ұлттық-мәдени орталықтардың қазақстандық біртектілік пен бірлік, қоғамды біріктіруші күш ретіндегі мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстары жайлы айтылып, ассамблея мен медиация орталықтарының тәжірибесі талқыланды.
Биылғы жылдың 25 қарашасында Достық үйінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» тақырыбында мемлекеттік тілде үздік шығармаларға арналған конкурс өткізілді. Оған мектептердің оқушылары мен жоғары оқу орындарының  студенттері қатысты.
30 қазанда облыстық тарихи-өлкетану мұражай мен облыстық туризм басқармасының мамандары республикалық «Патриоттық мәдени экспедиция», «Ұлы дала тарихы», «Қазақстанның жаңа туристік бағыттары» жобаларына қатысты. Шара барысында «Қазақстанның тәуелсіздігі ақша таңбаларында», «Ақмола облысындағы жаңа туристік бағыттар» жобаларының тұсаукесері өтті.
Биыл «Жалын» бастауыш партия ұйымы бес жиналыс өткізіп, онда бастауыш партия ұйымының төрғасы мен хатшысын, бюро мүшелерін сайлау, Елбасының «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр» Манифесін талдау, «Нұр Отан» партиясы сьезіне делегаттар сайлау, партияға жаңа мүшелер қабылдау, партия белсенділері қатарына үміткерлерді ұсыну және басқа да мәселелер қаралды.
Жалпы алғанда, бастауыш партия ұйымының  жұмысы партиялық тәртіп пен ереже аясында жүргізілуде және алдағы уақытта да солай жалғасатын болады.
Динара ҚҰЛТАСОВА,
«Жалын» бастауыш партия ұйымы төрағасының  орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар