7 қаңтар Рождество мейрамы

Құрметті православие христиандары, қадірлі ақмолалықтар!
Сіздерді жүрекке мейірім мен үйлесім, тыныштық пен рухани қуаныш ұялататын Рождество Христова мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Рождество мерекесі сенім сәулесі секілді адамдардың жүрегіне  үміт пен махаббатты, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды ұялатады. Діндарлардың жүректерін ерекше қуанышқа бөлеп, бақыт пен адал ниетке толтырады. Православие христиандары әртүрлі дін өкілдерімен бірге қоғамымыздағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға сүбелі үлестерін қосып келеді.
Бүгінде қазақстандықтар діни наным-сенімдері мен этникалық  ұстанымдарына қарамастан, барлық діни мейрамдарда бір-бірінің қуанышымен бөлісіп жатады. Біздің көпұлтты республикамыздың халқы үшін Рождество мейрамы өзара түсіністік пен қайырымдылықты, жомарттық пен бірлікті, өмірдің құдіреттілігі мен жақсылығын бейнелейді. Міне, осы қасиеттер Қазақстанда тұрып жатқан басқа дінге сенетін адамдардың өзара қарым-қатынасының негізі болып қалыптасқан.  Осының арқасында біздің еліміз экономика, саясат пен әлеуметтік салаларда үлкен жетістіктерге жетуде.
Жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде, бір-біріне сыйластықпен қарап, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болуда  да Рождество Христова  мейрамы маңызды факторлардың бірі болып қала береді. Православие христиандары біздің мемлекетіміз бен қоғамымыздың дамуы мен нығаюы жолында айтарлықтай үлес қосып келеді.
Рождество мейрамы мәңгілік адамгершілік құндылықтарды сақтау арқылы адамдардың жүректеріне махаббат пен мейірімділік, руханилық пен адал ниетті ұялатып, қазақстандықтардың өзара сыйластығын арттыруға, жақсы істерге құлшынуға мүмкіндік ашады. Халықтың тарихи жәдігерлерін, христиандықтың ұлы мұраттарын сақтаушысы міндетін құрметпен және қадір-қасиетпен атқарып келеді.
Әсіресе, қазақстандықтардың толеранттылығы мен достығы барлық діндарлардың өздерінің жауапты қызметін ғасырлық дәстүрлермен жалғастыруына мүмкіндік беруде. Жақын адамға деген сүйіспеншілік,  әлсізге аяушылық таныту, ата-бабаға құрмет көрсету, отбасы құндылықтарын сақтау – мұның барлығы еліміздің, қоғамымыздың беріктігінің негізгі іргетасы.
Біз бейбітшілік, мәдениет пен руханилықты нығайтуға, толеранттылықтың ежелгі дәстүрлерін дамытуға бағдар ұстап, еліміздегі сенім мен өзара сыйластыққа негізделетін адамгершілік пен қоғамдық қатынастардың жоғары стандарттарын әрі қарай дамытуымыз қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бас-ты жетістігі – қазақстандық мемлекеттің негізін қалыптастыратын, оның тұрақтылығының кепілі болып табылатын біздің көпұлтты халықтың жасампаздығы мен ұлтаралық келісімінде екендігін үнемі айтып келеді.
Рождество мейрамы қарсаңында туған жердегі бейбітшілік пен тыныштық біздің өзімізге байланысты екендігін бұрынғыдан да жете түсіне түскендейміз. Біз тек бірліктің арқасында, бар күшімізді біріктіріп қана, елімізде ырыс пен берекені нығайтып, сақтай аламыз, оны одан әрі байытып, көріктендіре түсеміз.
Барлық ақмолалықтарды шын жүректен
Рождество мейрамымен құттықтаймын! Осынау ізгілік пен мейірім мерекесінде әрбір шаңыраққа бейбітшілік пен тыныштық, жақсылық және өзара түсіністік, мол дәулет, бақ-береке, рухани жарасымдылық пен мықты денсаулық тілеймін.  Үміттеріңіз ақталып, армандарыңыз орындала берсін!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының  әкімі.

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді  жарқын да қуанышты Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн христиан қауымы үшін ерекше атаулы күн. Ол адамдардың жүрегіне үміт пен махаббат ұялатып, жақсылық жасауға, бірлік пен татулықта өмір сүруге құлшындырады, жақын жанға мейірімді және қайырымды болуға, адамгершілік қасиеттерді орнықтыруға игі ықпалын тигізеді. Православтармен бірге осы жарқын мерекені біздің ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқан еліміздің барлық азаматтары атап өтеді.  
Республика Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған көрегенді  саясатының  арқасында мемлекетімізде  барлық азаматтардың өз қалауымен діни сенімін ұстануына, өзгелердің ұстанымдарына құрметпен және түсіністікпен қарап, татулық пен бірлікте өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Тәуелсіз мемлекетіміздің басты байлығы да көпұлтты, көпконфессиялы халқымыздың бірлігі мен достығы болып отыр. Православ христиандары да ортақ Отанымыздағы татулық пен ынтымақты сақтауға өз үлестерін қосып келеді.  
Рождество қарсаңында туған жердегі бейбітшілік пен тыныштық біздің өзімізге байланысты екенін тағы да еске салған артық болмас. Болашақ ұрпаққа да осы ұлағатты өсиет ретінде қалдырғанда ғана Елбасы алға қойған «Мәңгілік ел» идеясы салтанат құратын болады.   
Православ христиандарына, облыстың барлық тұрғындарына денсаулық, бақыт, әл-ауқат, игі істер мен бастамаларыңызға табыс тілеймін!  
Жақынына, өз халқына, өз Отанына деген сүйіспеншілік әр азаматтың жүрегінде берік орнығып, бірлігіміз бен ынтымағымыз арта берсін!  
Дулат НҰРМОЛДИН,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар