Мен зейнет жасындағы адаммын. Әрине, жас ұлғайған сайын денсаулық та сыр бере бастайды. Ара-тұра бойдағы дерт мазалағанда, әрбір жан сырқатына дауа іздеп, дәрігердің көмегіне жүгінеді.
Өткен жылдың қараша айының соңында маған да Астананың №2 ауруханасының урология бөлімшесінде ем қабылдауға тура келді. Бөлімше меңгерушісі Бахтияр Қасымов бастаған Ұлан Жапаров, Азиз Мұхаметжанұлы сияқты мамандар мені жылы қарсы алды. Диагнозымды анықтағаннан кейін желтоқсанның бас кезінде ота жасады. Дәрігерлердің біліктілігі мен кәсіби
шеберлігінің нәтижесінде бәрі сәтті өтті.
Палатаға ауыстырғанда медбикелер Майра Мақашева, Салтанат Ғаббасова, Ақжарқын Игілік, Нұргүл Қапарова, тағы басқалары тиісті дәрі-дәрмегін, уколын беріп, тиянақты күтім жасады. Тәулік бойы қас-қабағымды бағуларының арқасында айналасы бір аптаның ішінде толық сауығып, өз шаңырағыма оралдым. Қазір көңіл-күйім жақсы.
Сондықтан, қиын сәтте қолдан келген көмектерін аянбай, жәрдем беріп, жанашырлық танытқан, жоғарыда есімдері аталған барлық мамандарға ағалық алғысымды білдірмекпін. Әрдайым ел алғысын арқалай беріңіздер!
Мейрам МАЙЛЫБАЕВ.
Ерейментау ауданы.