Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қайсар рухы қаламгерлігімен үндес - АРҚА АЖАРЫ

Қайсар рухы қаламгерлігімен үндес

М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында көрнекті жазушы, жерлесіміз Естай Мырзахметовтың туғанына 90 жыл толуына орай, «Оқжетпестей дара тұлға» атты  еске алу кеші болып өтті. Әдеби кешке облысымыздың зиялы қауым өкілдері,  қаламгердің туған-туыстары мен  студент жастар және мектеп оқушылары қатысты.

Жиналған қауым назарына ұсынылған «Қайсар рухты қаламгер» атты тақырыптағы көрмемен кітапхана қызметкері Жадыра Итжанова таныстырып, Естай  Мырзахметовтың шалқар шабытпен жазылған шоқтықты туындыларына кеңінен тоқталып өтті.
Әдеби кеш барысында ақын, жазушы Төлеген Қажыбай қаламгер туралы ой-толғанысын ортаға салса, журналистика саласының ардагері, жазушының замандасы Рүстем Бермағамбетов Есағаң туралы естеліктерімен бөлісті.  
  – Біз бір жылдың төлі едік, қатар отбасын құрдық, қатар еңбекке араластық. Балаларымыз да бір мезгілде дүниеге келіп, бір-бірімен жақын араласып өсті. Ол әдебиетке өзіндік қолтаңбасымен, ізденістерімен келді. Таптаурын жолдармен жүрмей, кейіпкер таңдауда, өмір шындығы деген ұғымды жалпылама ұқпай, жеке адам тағдырын тануда  болсын, тың ойларымен, стильдік өзгешелігімен көзге түсті. Өмірге деген құштарлық, сыршылдық, жан сұлулығы, жұмсақ мінез, осындай адами қасиеттердің барлығы оның бір бойынан табылатын. Ол өте еңбекқор жазушы болатын. Ауру азабын тартса да, қолынан қаламын еш түсірмей, өскелең ұрпақ қамын ойлап, күндіз-түні еңбектеніп жазуын жазды. Соның жемісіндей, бірнеше кітаптары жарық көріп, оқырман тарапынан өте жақсы баға алды, – деп еске түсірді аяулы әріптесін ол кісі. Бұл кеште әдебиеттанушы Дәулет Оспанов, әнші Кенжебай Мұқышев, ел ағасы Сансызбай Мұхитденов, өнер мен мәдениеттің жанашыры Күміс Әнуарбекқызы, жазушының қызы Зәмзәгүл Мырзахметова және  тағы басқалары сөз алып, өздерінің естеліктері, ой-толғаныстарымен бөлісті.
 Сондай-ақ, Зәмзәгүл Естайқызы әкесінің баспадан қайта басылып шыққан кітаптарын әдеби кешке жиналған оқырман қауымға тарту етті.
Кеш барысында белгілі әнші Абсалық Салық Арқаның әсем әндерін әуелетіп, жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Сөйтіп, тағылымы мол әдеби кештен жиналған қауым осылайша мол рухани қуат алып тарқасты.                  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар