Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы 2016 жылғы мемлекеттік стипендиясы табыс етілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы 2016 жылғы мемлекеттік стипендиясын табыс етті.
Стипендиялар жыл сайын Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары мен мемлекеттiк марапаттарына ие болған шығармашылық өкілдері мен мәдениет қайраткерлеріне, сондай-ақ, Қазақстанның мәдениетін қалыптастыруға, сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін айрықша дарынды шығармашыл жастарға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатымен берiледi.
Гүлшара Әбдіқалықова салтанатты рәсімге қатысушыларды құттықтап, оларға мемлекеттік стипендияның тапсырылуы Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлестеріне берілген баға екенін айтты. Отандық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін әдебиет пен өнердің 75 қайраткеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды. Стипендияға ие болғандар қатарында Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова, Владимир Толоконников және тағы басқа майталмандар бар. Сонымен бірге Ерлан Жүніс, Мәдина Баспаева, Тасқын Жармұхамед, Димаш Құдайбергенов және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Кездесу соңында Г.Әбдіқалықова шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық құндылықтарын ілгерілетуге, Қазақстан мәдениетін одан әрі дамытуға елеулі үлес қоса беретіндеріне сенім білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар