Өнертапқыштар қолдау күтеді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков өз өтініш-тілектерімен келген  азаматтарды қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға Бурабай ауданының Кіндікқарағай ауылынан келген зейнеткер Ағайдар Дайыров «ЭКСПО-2017» көрмесіне өзінің «Гидроэлектр станция» инновациялық жобасын енгізуді ұсынды. Оның әділет органына тіркелген патенті бар екен. Өнертапқыштың бұл жаңалығы энергетика саласына, сондай-ақ, гидроэлектр станцияға қатысты. Жобада қысымы арттырылған су қуаты пайдаланылады. Су қуаты арқылы механикалық қозғалыс жасалып, одан электр қуатын алу межеленген. Өнертапқыштың бұл өнер табысының мақсаты – өзендегі гидромеханикалық күштің толық көлемі мен су энергиясының коэффициентін пайдаланып, гидроэлектр станция турбиналарының қуатын арттыру.
Ағайдар Дайыров ұсынған «ожау тәрізді электр станция» қазіргі кездегі электр станцияларымен салыстырғанда пайдалы қозғалыстағы жоғары коэффициентке ие әрі бес есе тиімділікпен жұмыс істейді. Мәселен, қазіргі турбиналық гидроэлектр станцияға 1 келі Ватт электр энергиясын өндіру үшін 120 келі су қажет. Ал, ожау түріндегі гидроэлектр станциясы осы көлемдегі судан 6 келі Ватт, жылына 57 173 600 мегоВатт электр қуатын өндіре алады.
2015 жылы 15,4 миллиард теңгеге түсетін осынау жоба жөнінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне хат жолданған. Бірақ, оған күні бүгінге дейін жауап болмапты. Облыс әкімінің орынбасары облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Александр Загребинге бұл жобаға көмектесу жөнінде тапсырма берді. Бұдан кейін Бурабай кентінен келген өнертапқыш Александр Парфенов та «ЭКСПО» көрмесіне қатысу үшін қолдау көрсетуді өтінді. Бірақ, оның тым кеш келгендігі, әйтсе де жобасын жүзеге асыруға кәсіпкерлер іздестірілетіні жөнінде айтылды.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар