Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астананың іргесінде тұрған аудан - АРҚА АЖАРЫ

Астананың іргесінде тұрған аудан

соған қарап бой түзеуі керек

Кезекті жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болған облыс әкімі Сергей Кулагин өңірдің бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық даму барысына жіті назар аударып, кейбір өзекті мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.
Өңір басшысы алдымен, №96 разъезде өткен жылы салынған екі қабатты орта мектепте болып, оқу бөлмелерін аралап көрді. Мұнда білім мемлекеттік тілде беріледі. 300 орындық білім ошағында екі интерактивтік тақта, мультимедиялық, компьютерлік бөлмелер, спорт және мәжіліс залдары, психолог бөлмесі, кітапхана жұмыс істейді. Мектеп директоры Халима Смайылованың айтуынша, математикаға бағытталған білім ошағы өз бу қазандығы арқылы жылытылады. Тек су тасымалданады. Барлық оқушылар ыстық аспен қамтылған. Облыс басшысы ұстаздар ұжымымен  кездесіп, өңірдің қол жеткізген табыстары жөнінде айтып берді. Мектеп түлектерінің қандай мамандық таңдайтындықтары жөнінде сұрап білді. Бұдан кейін Хамит Фаезов басқаратын «Зеренді асыл тұқымды шаруашылығы» серіктестігінің «Зеренді» тауарлы ешкі сүті фермасының жобасымен танысты. Жобаны толық жүзеге асыру 2020 жылға дейін қарастырылған. Қазір серіктестік өз қаржысы есебінен бұл жұмысты қолға алып, 344 асыл тұқымды ешкі бағуда. Алғашқы өнім биылғы жылдың наурызында шығарылмақ. Әзірше бір  қора салынды. Оның ішінде 72 орындық сауу орны жұмыс істемек. Жылына 4 мың тонна сүт өңдейтін зауыт салу қарастырылған. Зауыт сүт, ірімшік,
айран, ет және оның өнімдері тәрізді өнімнің он екі түрін шығаруды межелеуде. Екі қораның құрылысы жүргізілуде. Тағы да жеті ғимарат салынбақ. Мұнда мал азығын өңдейтін қондырғы жұмыс істейді. Азық тарататын желі құрастырылуда. Қоймада сүт құю желісі орналасқан. Техника паркі де арнайы техникалармен жабдықталған. Кәсіпорын суармалы алқаптар есебінен мал азығы базасын құруды жоспарлап отыр. Өңір басшысы серіктестік жұмысына оң бағасын берді. Бұл шаруашылықты қолдау жөнінде тиісті басшыларға тапсырма берді.
Облыс әкімі «Eco Pack Astana» серіктестігінің жұмыртқа салғышы жобасымен танысты. Кәсіпорын басшысы Сергей Янулис өз сөзінде 440,3 миллион теңгеге бағаланған нысан өткен жылдың соңында пайдалануға берілгенін, серіктестік қаржысына қоса Цесна банктен
несие алғандарын атап өтті. Он бір адам жұмыс істейтін кәсіпорын жылына 30 миллион дана жұмыртқа салғыш жасай алады. Тауар Қарағанды, Арқалық қалаларының және Ақмол ауылының құс фабрикаларына сатылуда. Мұнда целлюлоза дайындайтын жүйе мен конвейер, су арқылы кесу, платформа тәрізді арнайы қондырғылар орнатылған. Машина-трактор паркі де арнайы техникамен жабдықталған. Кәсіпорын үш ауысымдық жұмысқа ауысып, толық қуатына шығуды жоспарлап отыр.
Облыс әкімі аудандық мәдениет үйінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Аудан әкімі Мәлгаждар Тәткеевтің өңірдің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жөніндегі есебіне орай, біраз жаңа міндеттер жүктелді. Мәселен,  салынатын әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын тездетіп жасау керек. Ауданда орташа еңбекақының деңгейі жоғары болғанымен, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жалақысына назар аудару қажет. Күнделікті тұтынатын азық-түлік тағамдарының бағасына тұрақты мониторинг жасап отырған жөн.
Облыс әкімі қорытынды сөзінде егде адамдар мен мүгедектерге, ата-анасының қамқорлығынсыз өскен жастарға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына үнемі қолұшын созуды тапсырды. Ауданның білім саласындағы көрсеткіші олқы соғып,  өткен жылы бар болғаны төрт мектеп түлегі «Алтын белгі» алғанын, жастар үшін әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салу қажеттігін атап көрсетті. Аудан Астананың іргесінде тұрған соң, Астанаға қарап бой түзеуі керек. Сондай-ақ, активте Шінет ауылының тұрғындарына көп қабатты тұрғын үй салынатыны туралы да айтылды. Ауданның табыстары да, назар аударатын мәселелері де қамтылған жиында өнегелі еңбегімен көзге түсіп жүрген бірқатар целиноградтықтар облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Рамазан Тілеуов

Суретте: «Зеренді асыл тұқымды шаруашылығы» серіктестігінің «Зеренді» тауарлы ешкі сүті фермасының жұмысшысы Жантай Есқақов.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар