Жақсылықты ұмытуға болмайды

Мен Целиноград ауданындағы Оразақ ауылының  тұрғынымын. 2015 жылы сәуір айында Оразақ ауылын су тасқыны басып,  көптеген үйлер суда қалды.

Ауылдағы үйлердің басым дені қирап, халықтың жағдайы өте нашар болды.  Үйсіз-күйсіз далада қалдық.  Ауылға төтенше жағдай жөніндегі басқарманың қызметкерлері  келіп, жедел құтқару шараларына кірісті. Халықты ыстық тамақпен, киім-кешекпен қамтамасыз етіп, басқа да шұғыл көмектерін көрсетті.  
Тездетіп облыс әкімі Сергей  Кулагиннің өзі келіп, халықты сабырлыққа шақырып, болған жайдың барлығын бақылап, не істеу керектігіне бас-көз болып, қыруар жұмыстар жүргізді. Бірден  құрылыс жұмыстары кең қанат жайып, күзге дейін 200 үй салынып, шағын қалашық бой көтерді.  Көше бойына электр шамдары тартылып, қатты қиыршық тастар төгіліп,  жол салынып, әдемі ағаш қоршаулармен қоршалды. Үйлердің жанына қара топырақ пен көң төгілді.
Сол жылы облыс әкімі ауылымызға бірнеше рет арнайы келіп, құрылыс жұмыстарының ойдағыдай аяқталуына зор көңіл бөлді. Бұл ортақ істен аудан әкімі Мәлгаждар Тәткеев, ауыл әкімі Нұрлан Қасымбеков те аянып қалмады. Осы күні үйлеріміз жылы әрі жарық. Көңілімізден шығып отыр. Қыс бойы көшелер де қардан уақытында тазаланып, еркін жүріп тұруымызға жағдай жасалған.
 Әсіресе, ауыл әкімі Нұрлан Жолаушыұлының еңбегі ерекше. Ауыл тұрғындарын татулыққа шақырып, жастарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Жұмысына адал, кішіпейіл, әрқашан тұрғындармен тіл табыса біледі. Осы тұрғыда, жоғарыда аттары аталған басшылардың бәріне алғысымыз шексіз. Жасаған жақсылықтарын ұмытуға болмайды. Сол себепті, редакцияға осы хатты жолдап, өз ойымды білдіруді жөн деп білдім.

Бағила БАЙСЕЙІТОВА.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар