Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Олжастың алтыны - АРҚА АЖАРЫ

Олжастың алтыны

Алматыдағы Универсиадада өткен демалыс күндері Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі алтын медаль түсті.

Алғашқысын аралас командалық спринтте (6х1.1 шақырым) шаңғышыларымыз Анна Шевченко мен Олжас Климин жеңіп алды. Олар  18:23.48 уақытымен екінші және үшінші орындардағы Франция мен Ресей құрамаларын артта қалдырды. Бұл орайда, ерекше бір атап өтерлігі, жүзден жүйрік шығып, алтыннан алқа таққан Олжас Климин Ақмола облысының спортшысы. Туған елін қуантып жатқан шаңғышы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оқиды. Олжас – Алина Райковадан кейін Ақмоладан шыққан екінші Универсиада чемпионы.
Сондай-ақ, біз бұған дейін биатлоннан ерлер спринтінде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген  Роман Ереминді де мақтан тұтуға тиіспіз. Ол да Ақмола облысынан осы Универсиадаға қатысып жатқан 17 спортшымыздың бірі. Сандықтау шаңғы мектебінің түлегі.
Енді ел қоржынына салынған оныншы алтынға келсек, оның иесі – Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен. Мұзда мәнерлеп  сырғанаушылар арасында өткен ақтық сында ол 94.91 баллмен өз қарсыластарынан оқ бойы озық болды. Сөйтіп, екінші орындағы жапониялық спортшыдан 15 балл көп жинаған Денис өзінің нағыз спорттық бабында екендігін дәлелдеп, Универсиада чемпионы атанды.
28-інші бүкіләлемдік қысқы студенттік ойындар өзінің шешуші шағына ойысты. Әзірге 10 алтын, 4 күміс, 10 қола медальмен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орында келеді.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.    
Суреттерде: универсиада чемпиондары Анна Шевченко мен Олжас Климин жеңіс тұғырында; күміс жүлдегер Роман Еремин.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар