Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жан-жақты әңгімелеп, сайлаушылар жүрегіне жеткізді - АРҚА АЖАРЫ

Жан-жақты әңгімелеп, сайлаушылар жүрегіне жеткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Теміржанов, Сергей Звольский, Петр Шарапаев аудандық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, жұртшылыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктің тармақтарын бөлу туралы Үндеуі мен ел халқына жолдаған биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының мән-маңызын түсіндірді. Аудан басшысы Талғат Ерсейітов халық қалаулыларымен бірге болды.

Халық қалаулылары жұмыс сапары барысында ауданның еңбек ардагерлерімен, еңбек ұжымдарымен мемлекеттік қызметшілермен және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының активімен кездесті.
Халық қалаулысы Мұрат Теміржанов Елбасының Үндеуін түсіндіру барысында Ата Заңға енгізілетін негізгі мәселелер бойынша ақпарат беріп, Парламент пен Үкіметтің алдында тұрған үлкен жауапкершілік туралы жан-жақты айтып берді. Ал, Петр Шарапов Мемлекет басшысының Жолдауындағы мақсат-міндеттердің орындалуы мен оған баршаның бірлесе кірісуі, еліміздің үшінші жаңғыруы жолында алға қойылған тапсырмаларды орындаудың тиімділігі мен пайдасы жөнінде әңгіме өрбітті.  Сол сияқты, халық алдында осы екі маңызды оқиға бойынша сөз сөйлеген Сергей Звольский бес институционалдық реформа мен Жолдаудағы негізгі бес басымдықты, жаңғырудың маңыздылығы жайында мазмұнды да мағыналы ойларын ортаға салды.   
Бұдан әрі жұртшылық халық қалаулыларына жеке мәселелері бойынша сұрақтарын қойды.  Мәселен, жастар жағы биылдан бастап жүзеге асыратын «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауылда үй салуға бастапқы жинақ жарнасынсыз «Тұрғын үй жинақ банкінен» несие берілсе деген ұсыныстарын айтты. Жұртшылық шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейдегі банктерден несие алудың үрдістерін қысқартса екен деген тілектерін білдірді. 2017 жылдан бастап мектептерде кейбір пәндердің ағылшын тілінде оқытылатыны белгілі. Бірақ, көптеген ауылдық жерлерде ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалім де жоқ. Сонда олардың оқушылары бұл пәндерді қалай игереді деген сауалдар қойылды. Аталған мәселелер бойынша халық қалаулылары өздерінің ойларын айтып, тиісті орындарға мәселелерді тез арада шешуді тапсырып, өздерінің бақылауларына алатындықтарын жеткізді. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көтерілген мәселе алдағы уақытта қарастырылатындығына сендірді.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар