Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақсу мен Бестөбенің алтыны әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек септігін тигізсе - АРҚА АЖАРЫ

Ақсу мен Бестөбенің алтыны әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек септігін тигізсе

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Степногорск қаласы мен Бестөбе кентінде болып,  өндіріс орындарының тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысшылардың хал-ахуалын сұрастырып білді және алдағы басты міндеттерді белгіледі.

Облыс басшысын белгіленген уақытта Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Ақсу кентінің кіреберісінде күтіп алып, барлығымыз Бестөбе кентін бетке  алдық. Бұл аралықтан 80-90 шақырымды құрайтын жолдың сапасы өте нашар екен. Бір сағаттың ішінде жетіп баратын кентке екі жарым сағаттан артық уақыт жүрдік. Жерінің астынан алтын өндіріп жатқан, өндірісі дамыған елді мекеннің жолының сиқын көріп, әуелі жолын неге жөндемейді екен деп те ойладық. Алтын шыққан жердің жолына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы жетпегені ме, сонда? Жергілікті басшылар мен мәслихаттың депутаттары, тиісті орындар қайда қарап отыр? Бір шұңқырдан бір шұңқырға түсіп, жол азабының қандай болатынын осыдан-ақ көруге болады. Сөйтіп, әйтеуір, әупірімдеп жеттік-ау межелі жерге.
Өңір басшысы ең алдымен, «Қазақалтын» акционерлік қоғамының Ақсу кенішіндегі жаңадан салынып жатқан техногенді-минералды заттарды өңдеу фабрикасының құрылыс нысанындағы осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстарды көріп, танысты. Кәсіпорынның бас директоры Евгений Балашовтың мәлімдеуінше, салынып жатқан «Қазақалтын технологиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында іске қосылады. Жылына 2,3 миллион тонна кеннен
1 тоннаға дейін Доре құймасын (сплав) алу жоспарланыпты. Фабрика пайдалануға берілгенде шамамен 120-ға жуық адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда онда 45 құрылысшы жұмыс істеп жатыр. Жобаға құйылған инвестицияның көлемі 26 миллион АҚШ долларын құрайды. Бас мердігері –
«AAEngineering Grupp». Қажетті құрал-жабдықтар жарым-жартылай сатып алынып, орнатылған. Әлі де бірталай құрал-жабдықтар алу қажеттігін айтты бас директор. Өңір басшысы жұмысты жеделдетіп, құрылыстың сапалы болуын қадағалауды және фабрика өндіретін концентратты ұнтақтарды тасымалдайтын жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Жұмыстарына сәттілік тілеп, тағы да осыған ұқсас жүзеге асырылатын қосымша екі жобаны да сапалы іске асыруларын тапсырды. Мұндай жоба алдағы уақытта Бестөбе кенішінде жүзеге асырылмақшы. Жалпы, бұл екі жобаның құны 63 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Әрқайсысында да 100-ге жуық жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
Бұдан кейін облыс әкімі «Қазақалтын» акционерлік қоғамының Бестөбе, Ақсу кеніштерінде болды. Олардың құрылтайшысы «Instituteprojectb.V» жауапкершілігі шектеулі компаниясы. Жекеменшік нысан 1999 жылы тіркелген. Бұл жерде құрамында алтыны бар кендерді іздеу, табу және өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Кәсіпорын жылына 600 мың тонна құрамында алтыны бар кен өңдейді. Соңғы екі жылдың қорытындысына сүйенсек, мұнда 2015 жылы 2,2 тонна алтын өңделіп, 15,1 миллиард теңге пайда түскен. 2016 жылы 2,3 тонна алтын өндіріп, одан 27,3 миллиард теңге түсім түсті. Ақсу кентінде
1 мыңнан астам адам жұмыс істесе, Бестөбеде мың жарымдай адам жұмыс істейді. Ақсулықтардың орташа еңбекақысы 139 мың теңге көлемінде болса, бестөбеліктер 143 мың теңге шамасында еңбекақы табады.
«Западная» шахтасының директоры Әділхан Қалиевтің айтуынша, 1956 жылдан бастап ресми тіркеліп, жұмыс істеп келеді. Мұнда алтынды іздеп табу, өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Жылына 600 тонна алтын кені өңделіп, 2015-2016 жылдардағы көрсеткіш 240 мың тонна құрамында алтыны бар өнім алған. Мұнда жұмыс істеп жатқан адамдар саны 566. Ай сайынғы орташа еңбекақысы 220 мың теңге. Шахтерлер 790 метр жердің астына түседі екен. 2016 жылы пайдалы қазбаларды жоғарыға жер бетіне шығаруға арналған арнайы көтерілгіш құрал іске қосылыпты. Оны іске қосудағы басты мақсат – пайдалы қазбаларды жер бетіне көбірек шығару. Шахтаға ондағы жұмысшылардың жағдайын көріп, білу үшін түскен өңір басшысы жаңа технологиямен жұмыс істеп жатқан шахтерлердің жұмысына жоғары баға беріп, елдің экономикалық жағдайын көтеру жолында игілікті іс атқарып жатқандары үшін алғыс айта келе, осы жұмыстарын жалғастыра берулерін тапсырды.  
Бұдан соң облыс басшысы Сергей Кулагин Бестөбе кентіндегі «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асырылған «Степногорск Су арнасы» филиалының сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін қайта қалпына келтіру нысанында болып, атқарылған жұмысқа оң бағасын берді. Аталмыш жобаға 1 миллиард 700 миллион теңге жұмсалыпты. Нысанды аралау барысында «Степногорск Су арнасының» директоры Алексей Гетманов бірге жүрді. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылған жоба өткен жылдың соңына таман, қазан айында іске қосылыпты. Тәулігіне мұнда 3468,10 текше метр су таратылады. Жұмысшылардың  орташа еңбекақысы 79 мың теңге шамасында.
Саналы ұрпақ тәрбиелеп, оларға сапалы білім беру мәселесін әрқашан басты назарда ұстауды дағдыға айналдырған өңір басшысы Бестөбе кентінің №1 орта мектебіне барып, ондағы оқушылар мен мұғалімдердің жағдайымен, жалпы білім мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысты. Мектеп басшысы Күлтай Мағзұмова бізге мектептің тарихы мен оқушыларының жетістіктерін, білім ордасының материалдық-техникалық базасының жағдайын, барлығын тізбелеп айтып берді. Мектеп 1958 жылы салыныпты. Бүгінде мектептің шатырын жөндеуге және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге шамамен 60 миллион теңге қаржы қажет екен. Алайда, жобалық-сметалық құжаттың өткен жылдың қараша айына дейін болмағанына байланысты бұл қаражатты тез арада беріле қоймайтындығын және облыс бюджеті бөлініп қойылғандығын айтты. Мектеп шатырын жөндеуге биыл қаржы қарастыратындығын, тек жобалық-сметалық құжатты тез арада аяқтауды  тапсырды.
Облыс басшысы ендігі 2018 жылы жол мәселесі шешілетіндігін, шамамен 3 миллиард теңге бөлінетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, оқытушылар мектепке «Қазақалтын» акционерлік қоғамы демеушілік көрсетіп тұратындығын айтты. Биылғы оқу жылында мектеп бітіретін екі оқушы медицина мамандығын таңдапты, алдағы уақытта аталған кәсіпорын өз қаражаты есебінен олардың оқуына көмек бермекші.    
Облыс әкімі Степногорск қалалық емханасына қарасты Бестөбе кентінің дәрігерлік амбулаториясында болды. Мекеменің бас дәрігері Ольга Ищюкованың айтуына қарағанда, мұнда өткен жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Алайда, мекеменің ішіне кіргенде әлі де күрделі жөндеу жұмыстарының қажеттігі көзге көрініп тұрды. Өңір басшысы мұны да өз бақылауына алып, жобалық-сметалық құжатты дайындауды тапсырды. Келесі жылы осы мекеменің күрделі жөндеу жұмыстарына да қаржы бөлінетіндігін жеткізді. Күніне жүзден астам келушілерді қабылдайды. Мекеме үш қабатты ғимаратқа орналасқан. Амбулаторияға жалпы 7 мыңға жуық адам бекітілген, оның 2093-і балалар. Өткен жылы «Қазақалтын» акционерлік қоғамының демеушілігімен 3 миллион 710 мың теңгенің дефибриллятор-монитор КМП құралы сатып алыныпты. Сондай-ақ, мекемеге төтенше жағдайларға арналған арнайы жиналмалы чемодан,  рентген аппараты, УАЗ автокөлігі, ЭКГ алынған. Жалпы осының барлығына 15 миллион 795 мың теңге қаражат жұмсалыпты.
Сапар түстен кейін Степногорск қаласында жалғасты. Қалаға келген соң №1 ықшам ауданның қайта қалпына келтірілген 44-ші үйіне келдік. Былтыр Степногорск қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша облыстық бюджеттен бұл нысанға 172 миллион теңге қаражат қарастырылыпты. Бас мердігері – астаналық «Дорстройтрест» ЖШС-нің бас директоры Ерден Нұрабаевтың сөзіне қарағанда жобаны Қарағанды қаласының «КарИнжСервис» ЖШС-і жасаған. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 2932,9 шаршы метрді құрайды. 158 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға пәтер беруді тапсырды. Степногорск қаласында бұл тапсырма жоғары деңгейде орындалып жатқандығы атап көрсетілді.
Үш қабатты бұл үйде 44 пәтер бар. Аталған жоба өткен жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында жүзеге асырылған. Ескірген құрылыс нысаны жаңартылып, терезелері ауыстырылған, есіктері мен бөлмеаралық қалқандар, кіреберістер қайта қалпына келтіріліп, балкондар қатайтылған, ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, үйішілік инженерлік желілер өткізілген, сантехникалық құрал-жабдықтар орнатылыпты. Жобаны жүзеге асыру барысында 50 адам жұмыспен қамтылыпты. Облыс басшысы пәтер иелеріне салтанатты түрде пәтер кілттерін тапсырып, сәттілік тіледі және пәтерлерді аралап көрді. Қала әкімінің айтуына қарағанда, әлі де 1500 адам пәтер кезегін күтіп жүр.
Бұдан кейін облыс әкімі Сергей
Кулагин Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің «Горняк» орталық мәдениет үйінде қала тұрғындары алдында есеп беруіне қатысты.  
Өткен жылы 45 мың жұмыс орны қалыптастырылыпты. Қалада «Ақбұлақ», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бүгінде қала бюджетінің есебінен 13 маман оқытылып жатыр. Алдағы 2017 жылы Ақсу және Заводской елді мекендерінде «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су тарту жүйелері орнатылып, халыққа су берілетіндігі айтылды. Парковая көшесінің 3 шақырым жолына күрделі жөндеу жүргізілген. Ел тәуелсіздігіне орайластырылып, Шаңтөбе кентінің көшеаралық жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілген. №7 ықшам ауданда балалар ойын алаңдары салыныпты.  
 «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында ықшам аудандардың үйлерінің маңына бейнебақылау жүйелері орнатылыпты. Облыс басшысы Степногорск қаласындағы ТЭЦ жұмысын қолға алуды тапсырды. Қаланың экономикалық дамуының көрсеткіштері төмендеп бара жатқан кәсіпорындардың жұмыстарын қайта жандандыруды қадап тапсырды.
Аудандағы мәдениет және білім беру салаларының озат қызметкерлерін, қарапайым жұмысшыларды Алғыс хатпен марапаттады.  

Ырысалды Шамшиева.

Степногорск қаласы.
Суретте: облыс әкімі Сергей Кулагин «Западная» шахтасында.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар