Елімізде жаңа телеарна іске қосылады

Наурызда қазақстандықтарға тек қана отандық өндірістің сериалдары мен деректі, көркем фильмдер тарататын жаңа «Ел арна» телеарнасы ұсынылады.

Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады.
Телеарна көрсетілімі барабандық тәсілмен, шетелдік TV1000, «Дом кино» телеарналарына ұқсас ретте құрылады. Таратылымның кем дегенде 50 пайызы қазақ тілінде жүргізіледі.
«Осындай атауы бар бұрынғы арнадан жаңасының форматы түбегейлі түрде өзгеше болады. «Ел арна» өте жақсы бренд. Сол себепті де, біз оны сақтап қалғымыз келді», – деді бұл орайда  министр. Қазіргі таңда министрлікте 1940 жылдардан бастап шығарылған кинотаспаларды арнада тарату мүмкіндігі туралы мәселе пысықталуда.
Еске сала кетсек, осы аттас телеарна 2014 жылғы наурызда өз көрсетілімін тоқ-татып, оның жиілігінде «24.kz» жаңалық тарату арнасы көрсетіле бастаған болатын.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар