Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген даму басым-дықтарын орындау бойын-ша жалпыұлттық жоспар ұсынылды.
Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов бірінші басымдық – жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу аясында цифрлық индустрияны, экономиканың негізгі салаларының технологиялық қайта жарақталуын дамытуға бағытталған 19 шара қарастырылғанын баяндады. Жобада «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және тағы басқа маңызды шаралар бар.
Екінші басымдық – бизнес ортаны түбегейлі кеңейту және жақсарту аясында 18 шара қарастырылса, үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық аясында 11 бағыт қарастырылған. Төртінші басымдық – адами капиталды дамыту бойынша 10 шара, бесінші басымдық – институттық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында 9 шара қарастырылып отыр.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған діни экстремизмге және терроризммен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламалар мен киберқауіпсіздік тұжырымдамасы әзірленеді.
Үкімет отырысында сондай-ақ, 2015 жылғы қарашада қабылданған Жер кодексінің нормалары бойынша туындаған қоғамдық резонансқа қатысты Жер реформасы жөніндегі комиссияның ұсыныстары негізінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев баяндама жасады. Заң жобасында қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудің жеке тәртібін орнату қарастырылған.
Берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің ұтымды пайдаланылуына бақылауды күшейту мақсатында заң жобасында жалға алған алғашқы 5 жылда жыл сайын, одан кейінгі жылдары суарылатын шабындықтарда әр 3 жыл сайын, қолдан суарылмаған жерлерде әр 5 жыл сайын тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылған.
Сонымен қатар, шекара сызығы мен шекара маңы аймағында орналасқан жер телімдерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ азаматтарға, т.б. беруге тыйым салу қарастырылған.
Жеке қолдардағы малды бағу үшін жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне қатысты мәселені шешу үшін елді мекендердің маңында тұрғындардың олардың жеке қолындағы малды ұстау бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жа-йылымдар аумағы айқындалатын нормалар қарастырылған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.