Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілген респуб-лика Үкіметінің кеңейтілген отырысында көтерілген мәселелерге орай, облыстық жұмыс кеңесі болды.
Онда облыс әкімі Сергей Кулагин аймақтағы басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар беріп, нақты атқарылатын жұмыс жүйесі екшеліп, міндеттер межеленді Облыс әкімі ішінара кейбір келелі мәселелерге кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік бюджеттің тиімді орындалуы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жекеменшік инвестиция тарту жұмысын жандандыруға назар аударылды.
Кеңес барысында Көкшетау қаласында онкологиялық емхананың құрылысы, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу, Макинкадағы құс фабрикасына өндірістік инфрақұрылымдарды тарту жайындағы мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды.
Аймақ басшысының орынбасарларына өздері жетекшілік жасайтын салалар бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.