«Хрустальный колос» облыстық қысқы спартакиадасы аясында Қойгелді ауылында шайбалы хоккейден аймақтық жарыс болып өтті.
Жарысқа алты ауданнан, атап айтқанда, Аршалы, Шортанды, Зеренді, Қорғалжын, Астрахан және Ерейментау аудандарынан жүзден астам спортшы қатысты.
Аймақтық жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әділбек Ибраев қатысып, іріктеу кезеңдерінен өткен спортшылар мен олардың жанкүйерлерін құттықтап, шараның Алматы қаласында болып жатқан дүниежүзілік қысқы Универсиадамен тұспа-тұс келуінің өзі мерей екендігін айта келе, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бес күнге созылған жарыс тартысты кездесулермен айшықтала түсті. Қойгелділіктер шайбалы хоккейден облыстың тоғыз мәрте жеңімпаздары. Осы жолы да олар жеңісті қолдан бере қоймады. Ойын қорытындысы бойынша, бірінші орынды аршалылықтар жеңіп алса, екінші орын зеренділіктерге бұйырды. Жүлделі үшінші орынды астрахандықтар қанағат тұтты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы