Жастық жігер мен жарастықтың жарқын мерекесі

 

болған Алматыдағы 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 8 ақпанда салтанатты түрде жабылды

Салтанатты шараны «Ұлытау» тобы мен танымал скрипкашы Жәмилә Серкебаеваның сүйемелдеуімен актриса Ардақ Балажанова ашты. Оларға дүйім жұртты таңқалдырған 150 барабаншы жәрдемдесті. Әрі қарай Универсиадаға қатысушы командалар шеруі өтті. Ашылу салтанатында  барлық елдің спортшылары кез келген жарыста бастысы бәсеке емес, бірлік екендігін көрсетіп бірге шықты.
Салтанаттың ресми бөлімі Қазақстан Республикасының Әнұранын Абай атындағы мемлекеттік опера  және балет театрының хоры мен халықаралық конкурстардың лауреаты Әсет Балғазиннің орындалуымен басталды.
Бұдан кейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Универсиадаға келген спортшылар мен осы спорт мерекесінің меймандарына және қазақстандықтарға арнап сөз сөйледі.
– Құрметті достар, спортшылар, Универсиада қонақтары! Мыңжылдық тарихы бар Алматы екі апта бойы әлемнің спорт сүйер қауымының көз тартар орталығына айналды.
Осы уақыт ішінде әлем Қазақстанды, Қазақстан әлемді жаңаша қырынан таныды. Халықаралық қауымдастық халқымыздың тамыры терең мәдениеті мен қанына біткен қонақжайлығын, үздіксіз даму мен әлемдік бәсекедегі қайратын сезді. Алматы Универсиа-
дасы – әлем спортының тарихына өзіндік ізін қалдырды. Алматы ойындарын 1 миллиардтан астам адам тамашалады. 28-інші қысқы Универсиада шығындарды үнемдегеніне қарамастан жоғары деңгейде өтті. Универсиада барлығына 57 елдің спортшыларын бір жерге жинаған байрақты бәсеке ретінде есте қалады. Аз ғана уақыттың ішінде салынған  «Алматы Арена», «Халық Арена»  стадиондары, денсаулық сақтау және мәдени нысандар, тұрғын үйлер алматылықтар мен қазақстандықтардың игілігіне беріледі, – деді  Бақытжан Сағынтаев.
 Әрі қарай сөз алған Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті Олег Матицын Алматыны Универсиаданы абыроймен өткізгеніне алғыс айтып,  қалаға келешекте жаңа табыстар тіледі.
Салтанаттың арнайы блогы Универсиада-дағы еріктілердің жұмысына арналды.Алматыдағы Бүкіләлемдік студенттер ойынына Қазақстан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Украина,  тағы басқа көптеген елдерден 3000 ерікті  жұмылдырылды.  Еріктілерге арналған «Қанатыңды кеңге жай» әні орындалды.
Еріктілер блогынан кейін Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) туы келесі қысқы Универсиаданың астанасы Красноярскіге табысталды. Универсиада
Алауы сөндірілген соң Алматыдағы студенттік ойындар ресми түрде жабылды. Алматыдағы Универсиада әлем спортшыларының достық пен келісім атмосферасында аяқталды. Студенттер ойыны – 2017 тарихта қалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар