Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сандықтаулықтар топ жарған жерлестеріне риза - АРҚА АЖАРЫ

Сандықтаулықтар топ жарған жерлестеріне риза

Аудан орталығы Балкашин селосында таяуда ғана аяқталған 28-ші қысқы универсиада жарысының жеңімпаздарын салтанатпен қарсы алу шарасы өтті. Халықаралық дүбірлі жарысқа Сандықтау ауданынан қатысқан төрт спортшы – Роман Еремин, Ольга Мандрика, Ринат Мухин және Сергей Сирик жарыстан олжалы оралды.

Сандықтаулық спортшылар Қазақстан құрамасының қоржынына үш күміс және бір қола медаль салды. Жарыс күнделігін теледидардан тамашалап, жерлестеріне жанкүйер болған балкашиндіктер спортшыларды зор қошеметпен күтіп алды. Бұдан кейін аудан әкімі Асылбек Исмағамбетов жерлес спортшыларды қабылдады. Оған спортшылар, бапкерлер, мектептердің дене тәрбиесі мұғалімдері және жас-тар ұйымдарының өкілдері қатысты. Аудан әкімі халықаралық байрақты бәсекеден ел намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген жерлес спортшыларды табысымен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады.
– Біз мүмкіндігімізше спортты дамытуға жете көңіл бөліп келеміз. Жүзу бассейні бар жаттығу-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Өткен жылы аудан орталығы мен Каменка селосында жасанды алаңы бар спорт алаңы салынып, бірқатар ауылдарда спорттық тренажерлар орнатылды. Алдағы уақытта жабық мұзайдын салу да жоспарымызда бар, – деді аудан әкімі.
Осындай спортшыларды тәрбиелеген Александр Мухин, Сәуле Мухина, Иван Спиридониди сияқты бапкерлер де марапаттан сырт қалмады. Оларға да аудан әкімі Алғыс хат тапсырды.
– Біз алтын медальға өте жақын қалған едік. Әттең, бірнеше секунд қана жетпей қалды. Әрине, жарыс өте ауыр болды. Бар күш-жігерімізді аямай жұмсап, қолдан келгеннің бәрін жасадық. Күміс медаль де жаман жетістік емес, – деп өз пікірімен бөлісті Ринат Мухин.
– Өз еліміздің ғана емес, туған өлкеміз Сандықтау ауданының атын шығарғанымыз үшін де бақыттымыз, – дейді Ольга Мандрика. Ауданда қысқы спорт түрі жақсы дамып келеді. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қысқы спорт түрлерімен айналысатындар көп. Жас спортшыларға спортпен айналысып, шеберліктерін шыңдау үшін барлық жағдайлар жасалған. Яғни, алдағы уақытта да сандықтаулықтардың арасынан әлемдік бәсекелерде жұлдызы жанып, еліміздің атын шығаратын спортшылар әлі де көптеп шығары анық.
Светлана ЧИГИНЦЕВА,
Сандықтау ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар