Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанның жаңа әлеуметтік стандарттары - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанның жаңа әлеуметтік стандарттары

2017 жылғы 31 қаңтардағы БАҚ-та жарияланған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында болашақтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа стратегиялық бағыттары айқындалған. Жолдауда «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ» деп атап көрсетілді.

Яғни, Жолдаудың маңыздылығы сонда – ол еліміздің әлемнің бәсекелестікке қабілетті отыз мемлекетінің қатарына қосылуына, сөйтіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан шарықтап дамуына серпін бермек.  
Елбасы Жолдауында еліміздің үшінші жаңғыруында бес негізгі басымдық айқындалған. Негізгі басымдықтың бірі ретінде қазіргі заманғы білім беру, денсаулық сақтау және азаматтарды лайықты әлеуметтік қамсыздандыру негізінде адами капитал сапасын жақсарту аталып көрсетілген. Осылайша Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға әдеттегідей көп көңіл аударған. Елімізде қазіргі күні  зейнетақыны қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі әрекет ететіндігі белгілі. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек өтілі бар тұлғалардың зейнетақысы мемлекеттік базалық зейнетақы, ынтымақты зейнетақы және жұмыскерлердің жеке міндетті зейнетақы жарналары негізінде қалыптастырылған жинақтаушы зейнетақыны қамтиды. Мемлекет жыл сайын зейнеткерлік жастағы  адамдар үшін зейнетақы мөлшерлерін индекстеп отырады.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыста жариялаған тапсырмасын орындау үшін 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 1 шілдеден бастап  2,1 миллион зейнеткерге зейнетақы төлемдерінің мөлшері  20 пайызға  арттырылмақшы.  Осыған орай, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына өзгерістер енгізіледі, атап айтқанда, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғары табыс 41еселік айлық есептік көрсеткішті 46 еселікке дейін арттыру көзделуде. Яғни, жаңадан тағайындалған зейнетақы мөлшерін есептеу үшін есепке алынатын ең жоғары табыс 2017 жылғы шілде айынан бастап
104 374 теңге  болуы тиіс.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі ана мен бала өлімін төмендету, тууды ынталандыру үшін қолайлы жағдай құруға бағытталған демографиялық саясат жүргізу болып саналады. 2016 жылы Қазақстан Республикасында жарты миллионға жуық сәби дүниеге келді. Бұл  1999 жылғы деңгейден  2 есеге жоғары.  Ана мен баланы әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету  осы әлеуметтік саясатты шешудегі негізгі басымдық болып табылады. Өткен жылы бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 438 мың анаға төленді. Туудың оң көрсеткіші 2017 жылда да сақталуда. Елбасының тапсырмасы бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері  20 пайызға  арттырылатын болады.
Бүгінгі күні зейнеткерлік жасына жеткен барлық азамат күнкөріс деңгейінің 52  пайыз мөлшерінде базалық зейнетақы төлемін  алуға құқылы. Елбасы өз Жолдауында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күнкөріс деңгейін қайта қарастыру қажеттігін атап өтті. 2017 жылы күнкөріс деңгейінің мөлшері – 24459 теңге болып отыр. Күнкөріс деңгейінің мөлшерін арттыру, ең алдымен, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін қайта есептеуге оң әсер етеді.
Сонымен қатар, 2018 жылғы 1 шілдеден бас-тап зейнеткерлік жасқа жеткен және 35 жыл және одан көп уақыт еңбек өтілі бар тұлғалар күнкөріс деңгейінің 100 пайыз мөлшерінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін ала алады. Осыған орай, зейнеткерлердің көпшілігінің базалық зейнетақы төлемінің мөлшері екі еседей арттырылады.
Осы норма 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша көп жылдық еңбек өтілі бар зейнеткерлерге ғана емес, барлық зейнетақы алушыларға да әсер ететінін атап өткен жөн. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін есептеу үшін ынтымақты зейнетақыны тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жалпы еңбек өтілі  және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған міндетті зейнетақы жарналары бойынша 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі ескеріледі.
Зейнеткерлердің жұмыс қызметінің өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Рес-публикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бірыңғай есепке алу  орталығының деректер базасында толық көрсетілетінін атап өткен артық болмас. Қайта есептеу автоматты түрде жүргізіледі, себебі, зейнетақыны тағайындаған кезде есептелген еңбек өтілі зейнетақы жөніндегі мәліметтер базасында бар. Сондықтан, зейнеткерлерге Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне жүгінудің қажеті болмайды.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күнкөріс деңгейінің артуы күнкөріс деңгейінен есептелетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының барлық түрлері мөлшерінің өзгеруіне әсер етеді, атап айтқанда: мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы бо-йынша және жасына байланысты. Жәрдемақы мөлшерін  арттыру жарты миллионнан астам мүгедектерге, асыраушысынан айырылған екі мыңға жуық отбасыларға қатысты болмақ.
 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «бір терезе» қағидаты бойынша азаматтарға 530 түрлі қызмет көрсетеді. Осындай орталықтар елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтары түрінде жұмыс істеуде.  Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының бөлімшелері – ӘТВЕО (бұрынғы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы)  халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімдері қабылдаған құжаттарды өңдейді. Орталық азаматтарды қабылдауды жүзеге асырып, зейнетақы мен жәрдемақыны қайта есептеу бойынша жұмысты және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кез-келген адам 1411 бірыңғай қысқа нөмірді теріп, зейнетақы мен жәрдемақы туралы ақпаратты ала алады.
Виталий ГОРОДЕЦКИЙ,
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес АҚ-ының  Ақмола облысы бойынша филиалы –
«Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық  есептеу орталығы» департаментінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар