Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алдын алмай болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Алдын алмай болмайды

 

Санитарлық ағарту жұмыстары туберкулездің алдын алудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Науқастар дәрігердің емін және белгіленген гигиеналық ережелерді бұлжытпай орындауға күнделікті дайын болулары қажет. Бұл емделіп шығудың басты кепілі. Алдын ала тексерулер аурудың даму кезеңінде туберкулезбен ауыратындарды ерте анықтау мақсатында жүргізіледі. Ондайда науқас туберкулезден тез және тиімді емделіп шығуы мүмкін.
Туберкулезді ерте анықтаудың екі негізгі әдісі бар, бірі – балалар мен жасөспірімдерде жыл сайынғы туберкулин тексерісін жүргізу болса, екіншісі – жасөспірімдер мен ересектерді флюорографиялық тексеру. Жыл сайын біздің облыста туберкулезбен аурудың 500-ге жуық жаңа жағдайлары тіркеледі. Соңғы он жыл ішінде аталмыш аурумен ауыру 2,3 есеге, туберкулездан қайтыс болу жағдайлары 3 есеге дейін төмендеді.
Туберкулез ошақтарында ағымды және қорытынды залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Бактерия тасушы науқастар толық емделу курсы аяқталғанға дейін ауруханада емделу қажеттігін ұмытпаулары тиіс. Ең бастысы, «жөтелу гигиенасын» сақтағаны абзал. Туберкулез ошағында, яғни, науқастармен қарым-қатынаста  болған адамдар алты айда бір рет тексеріліп тұрулары тиіс.
Марина ОСИПОВА,
диспансердің өкпе-терапиялық
бөлімшесінің меңгерушісі, фтизиатр-дәрігер.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар