Ел чемпиондары анықталды

 

Щучинск қаласындағы «Зеленый бор» шипажайында 8-18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 

Қазақстан шахмат федерациясы, «Ход Конем» шахмат мектебі және бас демеушілер «АБДИ Компани» акционерлік қоғамы мен академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының ұйымдастыруымен өткен жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 440 шахматшы қатысты. Бұл жолы Магнус Карлсен мен Анатолий Карповтың ізбасарлары алты топқа бөлініп, бақ сынады. Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенконың айтуы-на қарағанда, осы жарыста чемпион атанғандар Бразилия және Уругвай елінде өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында қатысатын болады. Ал, күміс жүлдегерлер отандық шахмат федерациясының қолдауымен Өзбекстанда өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғамақ.
Чемпиондық атақ үшін сайыс өте тартыс-ты өтті. Жеңімпаздарды тай-брейк арқылы анықтауға тура келді. Әсіресе, 8 жасқа дейінгі қыздар арасындағы ойын төрт сағатқа созылды. Осы ретте, ақтөбелік Алан Петуховтың ойынын ерекше атап өтуге болады. Ол құрдастары арасында блиц-турнир және рапид тәсілі бойынша ел чемпионы атанды.   Жарыс қорытындысына сай, классикалық әдіс бойынша 8 жасқа дейінгілер арасында ақтөбелік Алан Петухов пен алматылық Елназ Қалиахмет, 10 жасқа дейінгілер арасында алматылық Елдана Қалиахмет пен астаналық Әлихан Ғалымбек, 12 жасқа дейінгілер арасында қызылордалық Сұлтан Аманжол мен астаналық Меруерт Кәмәлиденова, 14 жасқа дейінгілер арасында астаналық Әсел Лесбекова мен оңтүстік қазақстандық Әбілмансұр Әбдіқайыр, 16 жасқа дейінгілер арасында қостанайлық Тимур Нұржанов пен қызылордалық Әсел Серікбай және 18 жасқа дейінгілер арасында алматылық Арнаш Бауыржан және астаналық Жандос Ағыманов жеңімпаз атанды. Жеңімпаздардың барлығы арнайы дип-лом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Бурабай ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар