Кедендік рәсімдер жеңілдетіледі

Ақмола облысында  «Астана–1» жобасы шеңберінде кедендік рәсімдер жеңілдетіледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында инновацияны қолдау және оны игеру туралы міндеттер айтылған болатын. Осы мақсатта «Астана – 1» ақпараттық жүйесі қолға алынып отыр. Аталмыш жобаны жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мен БҰҰ сауда және дамыту бойынша Конференциясы (ЮНКТАД) арасында жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Жобаның міндеті кедендік саясат пен процедураны дүниежүзілік сауда ұйымы нормаларына, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибеге сәйкес оңтайландыру, электронды мағлұмдау жүйесін енгізу, экспорт пен импортқа қажетті құжаттардың саны мен оларды қарау уақытын азайтуға септесу, тәуекел мен кейінгі аудитті басқарудың озық әдістемесін енгізу болып табылады.
«Астана – 1» ақпараттық жүйесі қолданыстағы бес кедендік жүйенің басын біріктіреді және құзыретті орган жүйесімен біріктіріледі. Бұл қағазбастылықтан арылтып, электронды түрде тауарға декларация ұсынуға мүмкіндік береді. «Астана – 1» ақпараттық жүйесін толық іске асыру  2017 жылдың 1 шілдесінен жоспарланған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар