Дамса ауылындағы «Алғабас Агрифуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде табиғи таза жидек өсірумен айналысатын шаруашылық ашылды.
Шаруашылықта құлпынай және таңқурай тәрізді жидектің түрлерін өсіру қолға алынбақшы. Өнімді негізінен Астанаға жеткізу жоспарланып отыр. Серіктестік басшысы Нұрлан Апышевтың сөзіне қарағанда, өсірілетін жидектің сорты жоғары. Әрбір өсімдіктен маусым кезінде 2 келі құлпынай алуға болады. Науқан барысында барлығы 3 тоннаға дейін өнім жинау көзделген. Мұндағы бір артықшылық пестицид сияқты химиялық препараттар қолданылмайды.
«Алғабас Агрифуд» серіктестігі Еуропадағы жидек өсірумен айналысатын Испанияның «Viveros Campiñas» компаниясының ресми өкілі болып табылады. Өсімдікті отырғызу науқанында аталған фирма Қазақстанға жарты миллионға жуық өсімдік жеткізбек. Қазірдің өзінде елімізге 350 мыңнан астам көшет жөнелтілген. Оның басым бөлігі «Альбион» сортты құлпынайлар. Өткен жылы серіктестік бір гектардан 1,5 тонна өнім алды. Оған қоса, алдағы жазда көкжидек отырғызу да жоспарланып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Шортанды ауданы.