Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аймақтар көктемгі су тасқынының алдын алу туралы есеп берді - АРҚА АЖАРЫ

Аймақтар көктемгі су тасқынының алдын алу туралы есеп берді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкіметтің де кезекті  отырысы болды.

Онлайн түрінде өткен отырыста күн тәртібіндегі өзге мәселелермен бірге, елімізде көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары туралы мәселе де қаралып, бірқатар аймақтардың басшылары есеп берді. Ақмола облысында осы тұрғыдағы істің жайы туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Дәурен Әділбеков баяндады.  
– 20 ақпаннан бастап көктем кезінде еріген қар суын қауіпсіз өткізу және автожолдарда кедергі туындамау үшін көпірлер мен су өткізетін қондырғыларды тазалау жұмыстары басталды. Қазгидромедтің болжамына сәйкес су ағысы нормадағыдан екі есеге жуық жоғары болады деп күтіліп отырған Астана, Сілеті және Шағалалы су қоймалары ерекше бақылауда ұсталуда.  Осыған байланысты су ресурстары комитетімен бірлесіп, артық қар суын ағызудың кестесі жасалды. Гидротехникалық қондырғыларда шлюздердің, көтергіш механизмдердің және тағы басқа құрал-жабдықтардың қатып қалмауына жол бермеу үшін алдын алу шаралары қарастырылуда.
Болжам бойынша Жабай, Колутон және Есіл өзендерінде су деңгейінің көтерілу қаупі бар. Астрахан, Атбасар,  Бұланды, Есіл, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград және Шортанды аудандарында инженерлік қорғаныс үшін 34 шақырым дамба тұрғызылды, сондай-ақ, өзендерде жару жұмыстары жүргізілетін орындар белгіленді.
Атбасар қаласын көктемгі су тасқынынан қорғау үшін ұзындығы 8,9 шақырымды қамтитын дамба салу және оны бекіту жұмыстары атқарылды. «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде барлығы 52 мың дана қап дайындалды және қажет болған жағдайда оның қосымша қоры жасалды, 166,2 тонна жанар-жағармай, 18,2 мың тоннадан астам бейтарап материалдар дайындалды.
Аршалы ауданының Жібек  жолы ауылындағы «Безымянная» бөгетін зерттей келе,  елді мекенді тасқын судан қорғау және судың өзін бұру мақсатында инженерлік шаралар қолға алынуда. Көктем кезінде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерде барлығы 101,5 миллион теңге, су тасқыны
туындай қалған жағдайда 93,3 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр. Сондай-ақ, ықтимал шұғыл шығындар үшін 778,5 миллион теңгенің қоры жасалды, – деп атап көрсетілді баяндамада.  
Үкімет отырысы өткеннен кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары  мәжіліске қатысқан басқармалар мен мемлекеттік органдардың басшыларына көктемгі су тасқынының алдын алуға қолдан келген барлық шараларды қарастыру жөнінде тиісті міндеттер қойды, атқарылып жатқан  және алда тұрған  жұмыстарды пысықтап, шешімін тілейтін өзекті мәселелерге назар аударды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар