Биыл көктемгі аң аулауға тиым салынды

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Марлен Айнабеков мәлімдеді.

– Жақында Зоология институты мен Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы көктемгі аң аулауға тыйым салу бойынша биологиялық негіздеме жасады. Өйткені, 2012 жылдан бастап елімізде құстардың саны 2 миллионға азайып кетті. Себебі, жылдан-жылға аңшылар мен браконьерлердің саны көбейіп барады. 2015 жылы көктемгі аң аулау кезеңінде 636 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, биыл ол 758-ге жетті. Қазір қолда бар мәліметтерге қарағанда, аңшылардың саны 150 000. Бұл ресми тіркелген, заңды құжаты бар азаматтардың саны. Ал, олардан басқасы каншама? Сондықтан, 2017 жылы 16 ақпаннан бастап 14 маусымға дейін көктемгі аң аулауға тыйым салынады, – деді ол.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар