Сондықтан, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерін ауыл-аймақтарда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен жалғызілікті қарттардың үйлерінің ауласын қардан тазарту жұмыстарына жұмылдыруда. Осындай алғашқы акциялар ойдағыдай өтті. Ол облыс аумағында қар толық еріп кеткенше жалғасатын болады. Осындай игі ниеті барлар партияның қоғамдық қабылдауы мен «Жас Отан» жастар қанатының бөлімшелеріне хабарласа алады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.