Үкіметтік емес ұйымдар туралы деректер қайта жаңартылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова, мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім басшысы Әлия Өтекина және «Ақмола облысы бойынша азаматтық альянсы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Ирина Терентьева үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасын жаңғыртуға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті.

Бүгінгі күні елімізде 15 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар бар екен. Біздің облысымызда олардың саны бір мыңнан асады, дегенмен, тіркелгендері 559, ал, олардың  110-ы жұмыс істемейді. Осы орайда, аты бар да, заты жоқ үкіметтік емес ұйымдар мен нақты жұмыс істейтіндерін айыру, сол ұйымдардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы басталған мәліметтер базасын жаңғырту ісі жалғасып келеді.
Облыстық ішкі істер басқармасы үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Серік Сәдуақасовтың айтуынша, бұл шара ұйымдардың қызметінің ашықтығын, немен айналысатындығын, басқа да оған қатысты ақпараттар түрінде жинақталып, жұртшылық назарына ұсынылады. Мәліметтер базасында тіркелмеген үкіметтік емес ұйымдар конкурстарға қатысып, мемлекет тарапынан берілетін гранттарға тапсырыс бере алмайды. Қазіргі күні Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Мәліметтер базасын дайындау туралы» заң жобасын дайындауда.
«Ақмола облысы бойынша азаматтық альянсы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Ирина Терентьева мәліметтер базасына берілетін мәліметтер формасын толтыру жайы туралы жан-жақты айтып берді. Мәліметтер базасын жаңғырту әр жылдың 31 наурызына дейін жүргізіледі. Осы орайда, үкіметтік емес ұйымдар наурыз айының соңына дейін қажетті құжаттарды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне электрондық нұсқада жолдаулары тиіс. Мемлекеттік гранттар алып немесе конкурстарға қатысу арқылы қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдардың салық органдарына есеп беру тәртібі туралы мемлекетік кіріс департаментінің бөлім басшысы Әлия Өтекина айтып берді. Салық төлемегендігі үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеліп, жоғары мөлшерде айыппұл салу жазасы қолданылатын бұрынғы тәртіпке қарағанда, қазіргі ереже біршама жеңілдетілген. Ендігі арада салық есебін тапсырмағандарға ескерту жасалып, содан кейін барып, әкімшілік шара қолданылады және айыппұл мөлшері де біршама төмендетілген. Осы орайда, мемлекеттік кіріс департаменті бөлімінің басшысы жұмыс істемейтін 110 үкіметтік емес ұйым өкілдері келесі айдың соңына дейін салық органдарына келіп, ұйымды жабу немесе жұмысын жалғастыру мәселесін шешіп алуы қажеттігін ескертті. Брифингке қатысқан үкіметтік емес ұйым өкілдері тарапынан мәліметтер базасын жаңғыртуға қатысты көптеген сауалдар қойылып, толыққанды жауап алынды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар