Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы ғылыми-техникалық кеңесте 139 инновациялық жобаның 27-сі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне іріктеп алынды.

Көрмеге жобалар іріктелді

Әзірлемелердің тақырыбы энергияның жаңа жаңғыртпалы көздерін дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, қоршаған ортаға жағымсыз ықпалды төмендету технологияларымен байланысты.
Сонымен қатар, дербес күн қондырғысын, кіші деривациялық СЭС, қуаттылығы 200 кВТ-қа дейінгі гибридті жел электр станциясы, көмірі бар қалдықтарды плазма химиялық қайта өңдеу технологияларын құру жобалары да қарастырылды.
Айта кету керек, аталған жобалардың кейбіреуі бүгінгі таңда ішкі нарықта сұранысқа ие және энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларында сәтті қолданыста.
Бақытжан Сағынтаев әзірлемелердің авторларымен жобаларға қолдау көрсету және коммерцияландыру, жаңа индус-трияларды құру және инновациялар саласын дамыту мәселелерін талқылады.
Бұған дейін  Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында инновацияларға қолдау көрсету, оларды өндіріске жылдам енгізу, ЖОО-лар, Назарбаев Университеті және «Алатау» ИТП базасында ғылыми және инновациялық әлеуетті арттыру мәселелеріне баса назар аударылған болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар