Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алғыс айту – жақсылықты білу - АРҚА АЖАРЫ

Алғыс айту – жақсылықты білу

Облыс орталығындағы Достық үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Менің отбасым – елімнің бір бөлшегі» альманахының тұсаукесеріне арналған іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов елімізде бірлік пен келісімді нығайтуға үлес қосқан ақмолалықтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалін тапсырды.

Мерекелік салтанатқа мемлекеттік органдардың, еңбек ұжымдарының, этно-мәдени орталықтар мен бірлестіктердің өкілдері, еңбек ардагерлері және «Менің отбасым – елімнің бір бөлшегі» жобасына қатысушылар, үлгілі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасылар қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов: «Алғыс айту күні – тарихта орын алған зорлық-зомбылық, қуғын-сүргін оқиғаларының нәтижесінде Қазақстанға қоныс аударылған түрлі ұлттың миллиондаған өкілдерін құшақ жая қарсы алған қазақ халқына деген шексіз ризашылық, біздің елдің барлық азаматтарының бір-біріне деген сыйластығы, ортақ тарихымызды құрметтеу, өзара көмек пен қолдау күні» – дей келе, өткен ғасырдағы қиын-қыстау кездерде сталиндік тоталитарлық жүйенің құрбандарына айналған, тың және тыңайған жерлерді игеру науқанында қазақ жеріне қоныс аударған халықтардың тағдыры жа-йында, өздері де ауыр кезеңді бас-тарынан өткеріп жатса да, оларды бауырына басып, қолындағы барымен бөліскен, өзгенің баласын өзінің туғанындай баққан қазақтардың мейірімділігі мен қонақжайлылығы  туралы айтып, қазақстандықтарды Алғыс және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен құттықтады. Сондай-ақ, осы күні дүниеге келген «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық мәдени орталығының төрағасы Герихан Яндиевті туған күнімен құттықтады.
Мереке қазақ халқының қайырымдылығынан, қонақ-жайлылығынан, мейірімділігі мен ынтымақтастығынан алатын тарихи дәстүрлерге негізделген. Осы орайда, ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қосқан елеулі үлестері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық  алтын медалімен «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Бұланды» корпоративтік қорының президенті, жетімдер үйінен 39 баланы бауырына басып, өз қамқорлығына алған Серік Әкімбаев,  Ақмола облысының орыс қауымдастығының жанындағы «Русская песня»  халықтық ансамблінің жетекшісі Зоя Авилова және Жарқайың ауданындағы «Арарат» армян мәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі Гачик Григорян марапатталды. Сондай-ақ, республикалық бейбітшілік пен келісім фестиваліне белсенді қатысып, жоғары кәсіби шеберлік танытқан Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің «Самоцветы» би ансамблінің жетекшісі Андрей Погорелый мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің жанындағы «Этно» би ұжымының жетекшісі Ирина Лобанова Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.  
«Менің отбасым – елімнің бір бөлшегі» атты альманахты Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшысы Марал Жақыпова таныстырып, жинаққа енген 25 үлгілі, берекелі отбасыларға тоқталды, жобаға қатысқан журналистерге, туындының кейіпкерлеріне алғысын білдірді. Жинақ кейіпкерлеріне облыс әкімі орынбасарының атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Олардың арасында ерлі-зайыпты көкшетаулық Бұрхан және Жібек Бағысовтар, Мейрамбек және Зере Қиықовтар, Виктор және Тамила Терещуктер, есілдік Николай және Галина Мустафидилер, целиноградтық Казимир Адамович және Жаңылған Милюктер, шортандылық Макер Тұрысхан және Хаусел Паней, тағы басқалары бар.
Бұдан соң өткен жылы қайырымдылық керуені аясында көмек көрсетілген Әлиасқар есімді науқас баланың анасы Айнаш Сағандықова сахнаға көтеріліп, қол ұшын берген қайырымды жандарға өзінің және басқа да ата-аналар атынан ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, облыстық «Видергебург» немістер қоғамының мүшесі Людмила Хаврушина қазақ халқына деген ақ адал ризашылығы мен тілектерін жеткізді. Қуғын-сүргін мен күштеп көшіріліп әкелген өзге ұлттардың аштықтан аман қалуы үшін көп көмегін тигізген қазақтардың адал дәм-тұзы екендігін айтып, зор алғысын білдірді. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ән-жырдан шашу шашылды.

Суретте: бұландылық Әкімбаевтар отбасына құрмет.

Ырысалды Шамшиева.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар