Қарқын алуда

 

Степногорск  қаласындағы күкірт қышқылы зауыты толық қуатына жұмыс істеуге көшті.

 

«Қазатомөнеркәсіп» күкірт қышқылы зауыты біріккен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ мен «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС-нің бірігуі нәтижесінде қайта құрылған болатын. Зауыт директоры Төлеужан Жексембаевтың айтуынша, жылдық қуаты 180 мың тонна күкірт қышқылын  құрайтын жаңа кәсіпорын отандық шикізат кесектелген күкірт қышқылын өндірумен айналысады.  2015 жылдың соңында алғашқы күкірт қышқылын өндіре бастаған кәсіпорын таяу-
да толық қуатымен жұмыс істей бастады.
Құны 13,3  миллиард теңге тұратын инвестициялық жоба еліміздегі 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және 2015-2019 жылдарға арналған Индустрия-ландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Жергілікті 222 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар