Ол күндер ұмытылмайды

Аудан орталығындағы № 5 орта мектепте кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына  28 жыл толуына орай, тағылымды кездесу өтті.

Оған Ауған соғысының ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, бірқатар қоғамдық ұйымдардың мүшелері және  мектеп оқушылары   мен  ұстаздар қатысты. Іс-шара  Ауған соғысында қаза тапқан қазақстандықтардың құрметіне  қойылған  мемориалды тақтаға  гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.  Бұл кеш жас  ұрпақтың бойына патриоттық тәлім-тәрбие беру, жауынгерлердің ерлік істерін жастардың  үлгі-өнеге тұтуына   бағытталған.  
Аудан әкімінің орынбасары Алма Айтқожина  Ауған соғысы ардагерлерін айтулы күнмен құттықтап, өзінің жүрекжарды тілегін білдірді. Бұдан әрі  Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының бірінші орынбасары Қайрат   Елубаев  Ауған соғысына қатысқан ардагерлер  оқ пен оттың астында  жастық шақтарын өткізгендерін, қаншама ата-анаға қасірет әкелгенін айтып өтті. Ал, мектеп оқушылары Ауған соғысының ардагерлеріне   әуезді әндер шырқап,  көркем шығармалардан үзінді оқып берді.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар