8 наурыз мерекесі құтты болсын!

Қымбатты қыз-келіншектер!
Халықаралық әйелдер күні – осы бір тамаша мерекемен құттықтап, өздеріңізге жолдаған шынайы да шуақты тілегімді қабыл алыңыздар.
Барша адамның бойына ізгілік нұрын себезгілеп, көңілдерін үлбіреген ақ сәулеге бөлейтін осы сәт арқылы барлық адамзаттың жан дүниесі жақсылыққа шүпілдеп толып, мейірімділікті молайтып, үмітті нығайтуға болады.
Осынау мерекенің көгілдір көктемдегі ең бір әдемі де әсем кезеңде, төрткүл дүние тегіс қыс қаһарынан арылып, табиғаттың өзгеше түрге еніп, жаңарып, қайтадан түрленіп жатқан сәтінде келуінің айрықша мәні бар. Сіздердің сұлулықтарыңыз бен көркем келбеттеріңіз әркімнің бойына жылылық дарытып, нәзіктік сыйлап, тұтас әлемнің өзін айрықша өңді сәулетке бөлеп, шұғыласын молайта түседі.
Әсіресе, Ұлы Отан соғысына қатысқан, тылда қисапсыз қиындықпен еңбек еткен қаһарман әйел адамдарға лайықты өз құрметімізді көрсетуіміз керек. Олардың ерлігі, қажымас қайрат-жігері әрдайым жасампаздықты нұсқайды. Өмірі өшпес осындай өнеге арқылы желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақты  ізгі дәстүрлер негізінде тәрбиелей білуіміз керек. Біз соғыс және еңбек ардагерлерін қамқорлыққа алуға тиістіміз. Олар тіпті аз қалды. Қазір біздің аймақта Ұлы Отан соғысының 19 әйел ардагері, 4659 тың еңбеккері бар.
Көгілдір көктемнің жан жадыратар жақсы мерекесін атап өту арқылы біз көп балалы аналарға да жете көңіл аударып, құрмет көрсетеміз. Бүгінге Ақмола облысында 7512 «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерінің, бірінші дәрежелі «Ана Даңқы» ордендерінің иегерлері бар.
Жаңа заманның әйелі – ол шаршап-шалдығуды білмейтін еңбеккер, отбасының ұлағатты сақтаушысы, республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатын әріптес, рухани байлықтарымызды сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтатындар.
Сіздер отбасы мен мемлекеттің тірегісіздер. Олай болатыны Сіздердің қарапайым тұрмыстағы ақыл, сезім, төзім, болашаққа сеніммен қарау тәрізді асыл қасиеттеріңіз ел болашағын, оның бүгіні мен ертеңін көріктендіре түседі.
Мерекенің сиқырлы көңіл-күйі шаңырақтарыңызды шаттыққа толтырып, қуаныш отын лаулата түссін. Сіздерге мықты денсаулық, толайым табыс және көгілдір көктемнің керемет көңіл-күйін тілеймін.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.      

 

 

Ардақты аналар, аяулы әйелдер!
Баршаңызды көктемнің тамаша мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен құттықтаймын!
Бұл айтулы мереке біздер үшін – табиғаттың оянуы, қыстың қытымыр суығы кетіп, көктемнің жылы шуағына бөленер тамаша шақ, қуаныш пен үміт армандардың биіктеріне жетелейтін ғажайып кезеңі. Көктемнің шуақты күніндей сіздер де – құрметті әйелдер, айналаларыңызды жылылыққа толтырып, көңілдерге қуаныш сыйлайсыздар.
Қазіргі заман әйелі тек отбасы құндылықтарын сақтаушы ғана емес, сіздер қоғам қызметінің барлық салаларына белсене қатысып, өндірісте, бизнесте, басқа да салаларда ерлермен қатар еңбек етесіздер, спортта еліміздің атын шығарып, Қарулы Күштер қатарында қызмет атқарасыздар.
Әйелдердің мемлекеттік және қоғамдық қызметтерге белсене араласып, барлық салаларда еңбек етіп жүргендігінің айғағы ретінде өткен жылғы жергілікті мәслихат сайлауында депутаттардың 25  пайызынан артығын нәзік жандылар құрағандығын айтсақ болады.
Қадірлі әйелдер қауымы! Сіздердің күш-жігерлеріңіз, ақыл парасаттарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында еліміз биік асулардан асып, жаңа жетістіктерге жетіп келеді. Баршаңызды бүгінгі айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Жанарларыңыздан ешқашан қуаныш кетпесін, жұмыста да, отбасында да бақытты болып, әрдайым биіктерден көріне берулеріңізге тілектеспін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

 

 

Құрметті ақмолалық қыз-келіншектер! Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Ширек ғасырдан астам тарихы бар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне және  әлеуметтік-экономикалық дамып, нығаюына зор үлес қосып келе жатқан қазақстандық әйелдердің біздің қоғамдағы орны мен абырой беделі айрықша құрметке лайықты деп білеміз. Бұл орайда Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі», – деп  әйел ананың тіршіліктегі де, қоғамдық өмірдегі де шынайы орнын нақтылы анықтап берді.
Бүгінгі күні ақмолалық қыз-келіншектер де тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға зор үлестерін қосып келеді. Бұл орайда, Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала отырып, елімізді әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына жеткізу жолындағы үшінші жаңғырудың жауапкершілік жүгін сенімді арқалап келе жатқан тамаша еңбекқор әйел аналарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Біздің қыздарымыз бен келіншектеріміз ұрпақ тәрбиесінің, денсаулық сақтау саласының, мемлекеттік қызметтің, бизнестің және отбасының салмақты жүгін қайыспай көтеріп, шынайы отансүйгіштік қасиеттің жоғары үлгісін көрсетіп келеді.
Елбасының Қазақстан Республикасы Конс-титуциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі ұсынысы бір айға созылған бүкілхалықтық талқылаудан кейін Парламент Палаталарының бірлескен мәжілісінде қаралды. Біз жиырма бірінші ғасырдың жаһандық сынақтарына конституциялық жаңа реформамен жауап беріп отырмыз. Қазақстандық конституциялық бұл реформа қазір барлық қазақстандықтардың болашаққа деген сенімін нығайтып, әлем жұртшылығының назарын аударып отыр.
Көктемнің алғашқы мерекесімен Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасының бақыты мен аманшылығын тілейміз. Тәуелсіз еліміз одан әрі нығайып, көркейе берсін!
Рашит Әкімов,
Жабал Ерғалиев,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар