Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үйлеріне келіп, мерекемен құттықтағанға ардақты аналар бір жасап қалды - АРҚА АЖАРЫ

Үйлеріне келіп, мерекемен құттықтағанға ардақты аналар бір жасап қалды

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Көкшетау қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, 93 жастағы қария Валентина Мазурованың үйіне барып, мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады.

Бір ғасырға жуық жасаған қария 1923 жылы Алтай өлкесінде дүниеге келген. Өмірі оңай болған жоқ. Ұлы Отан соғысы жылдары мектеп бітірген соң, Бийск қаласынан майданға аттанып, екінші Украина майданы құрамындағы зенит полкында жауға қарсы соғысты. «Германияны жеңгені үшін» медалі, Отан соғысы орденімен марапатталған. Осы күні қария Васильковка шағын ауданында жалғыз тұрады. Туыстарының ішінде Любовь және Таисия есімді сіңілілері ғана бар. Қарияның үміті де, сүйеніші де сол екеуі.
– Зұлмат соғыстың ауыртпалығы бізді айналып өтпеді. Қан майданға аттанып, Отан үшін жаумен шайқастық. Соғыс аяқталысымен Қазақстанға көшіп келдік. Апалы-сіңілі үш қыз едік. 1948 жылы Көкшетау қаласына қоныс аударып, осында «Тұрмыстық химия» фабрикасында аға шебер, кейін цех басшысы қызметінде болдым. Зейнеткерлікке шыққаннан бері жергілікті басшылық тарапынан ұдайы қамқорлық көрсетіліп келеді. Халқымыздың бейбітшілікте, бақуатты өмір сүріп жатқаны үшін Елбасымызға алғысым шексіз, мереке баршамызға тек жақсылық әкелсін, – деді кейуана.
Қарияның туған сіңілісі – Таисия Мазурованың айтуынша, әпкесіне Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Әлеуметтік қызметшілер қарияның үйіне барып, денсаулығын бақылап, үй шаруасына көмектесуде. Қарияның пәтерінде болған Нұрлан Жаңбыршыұлы соғыс ардагерін облыс әкімінің атынан құттықтап, салтанатты түрде гүл шоғы мен азық-түлік толы себетін сыйлады.
– Сізді көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ана – қашанда тіршіліктің тірегі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Халқымыз әрқашан әйел затын қастерлеген, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты, салиқалы саясатының нәтижесінде елімізде әйелдер құқығы мен мүддесін қорғауға ерекше көңіл бөлініп келеді, – дей келе облыс әкімінің орынбасары қарияның денсаулығын сұрап біліп, өмір жолы туралы әңгімелесті. Осы күні Көкшетау қаласында тұратын жасы тоқсанды алқымдаған тағы бір қария, тыл еңбеккері Дәмелі Махметованы да облыстық ішкі саясат басқармасының басшылығы үйіне барып құттықтап, құрмет көрсетті. Қазіргі кезде зейнеткер Бауыржан Момышұлы көшесінің бойындағы тұрғын үйде жалғыз өзі тұрады. Жан жолдасы 2009 жылы өмірден озған. Әжей төрт қыздан төрт немере, төрт шөбере сүйіп отыр. Он үш жасынан трактор айдаған қария түрлі салада еңбек еткен. Зейнет жасына дейін тігінші болды. Қыздары әжейге қамқорлық танытып, көмектесіп отырады. Бүгінгі күні Дәмелі әжейдің өмір жолы келешек жастар үшін үлгі-өнеге деуге болады.
Мереке қарсаңында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова қарт әжейге жылы лебізін білдіріп,  гүл шоқтары мен  сыйлығын тарту етті.
– Мереке қарсаңында аналар мен әжелерге құрмет көрсету міндет. Бұл жолы қарт әжеміз 8 наурыз мерекесін 90 рет қарсы алғалы отыр. Сол себепті, қарияның шаңырағына келіп, осы  мерекемен құттықтағанымыз өте орынды болды, – деген Гүлмира Тоқтарқызының сөзінің жаны бар.

Аслан Оспанов.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар