Капитан Мереке Қабыланбекова 8 нау-рыз мерекесі алдында Қазақстан Респуб-ликасы Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен – қол сағатпен марапатталды.
Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Қарулы Күштер құрылымдарының, Ұлттық Ұланның мерзімді әскери қызметшілерін жинақтау бойынша іс-шараларды жүйелі ұйымдастырып келеді. Бұл орайда, Мереке Әділбекқызының еңбегін ерекше атап өткен жөн. Оның әскерге барғысы келетін жастарды толық әрі сапалы жинақтауының арқасында басқа облыстарда қызмет етіп жүрген азаматтар тарапына көптеген игі алғыстар айтылып, хаттар жолданып жатады. «Ақмола облысынан барған әскери қызметшілер қашанда алдарына қойған міндеттерді адал орындауға дайын» деп, өзі аттандырған жігіттерге сенім артып жүреді ол.
Мереке Әділбекқызы жергілікті әскери басқару органдары құрылымында 10 жылдан артық қызмет етуде. Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына келісім-шартпен және мерзімді әскер қатарына әскери қызметшілерді жинақтау жұмыстарымен белсене айналысты. Ол әсіресе, келісім-шарт негізінде жіберілетін әскери қызметке кадрларды іріктеу мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Мереке Әділбекқызының осы қызметтегі елеулі іс-тәжірибесінің арқасында Ұлттық Ұлан қатарында бүгінде кәсіби және өз ісін жетік білетін сержанттар мен сарбаздар қызмет атқаруда.
Айнұр УӘЛИЕВА,
аға лейтенант.