Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Көп мәселе біздің жіті іс-қимылымызға байланысты» - АРҚА АЖАРЫ

«Көп мәселе біздің жіті іс-қимылымызға байланысты»

Көктемде күрт ерісе, қар суынан қауіп көп. Осы орайда, тілшіміз облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы А.С.Советовқа жолығып, өңірдің жергілікті атқарушы органдарының биылғы көктемгі су тасқынына дайындығы жөнінде әңгіме өрбіткен еді.

– Алексей Сергеевич, өзен-көлдер суы жағалаудағы елді мекендерге қауіп-қатер тудырмас үшін қандай шаралар қолға алынды? Жалпы, бүгінгі жағдай жөнінде не айтасыз?
  – «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорнының болжауынша, биылғы жылдың наурыз айында орташа ауа температурасы –5 және –9 градус болады деп күтілуде. Өңірдегі Есіл, Сілеті, Шағалалы, Нұра, Қалқұтан және Жабай өзендеріндегі қар мөлшері нормадан 1,2-1,9 есе, Астана, Сілеті және Шағалалы су қоймаларына ағып келетін су нормадан 1-1,9 есе көп. Жабай, Колутон, Есіл өзендерінің су деңгейі көтеріліп, арнасынан шығады деген қауіп те жоқ емес. Өткен жылы облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс әкімдігімен бірге 2017 жылдың су тасқынын апатсыз өткізу және өңірдің елді мекендерін инженерлік қорғау бойынша шаралар жоспарын жасап, облыс әкімінің бірінші орынбасары бекіткен. Осы бағытта қомақты қаржы бөлініп, арықтар тазаланды, өзендер тереңдетіліп, жағалауы бекітілді, дамбылар жөнделді. 13 су өткізгіш нысаны салынды. Облыстың қалалары мен аудандарының коммуналдық кәсіпорындары мен қызметтері елді мекендер ішіндегі қарды сыртқа шығаруда.
– Көктемгі су тасқынына қарсы қандай дайындық жүргізілуде?
– Көкшетау мен Степногорск қалалары және Бұланды, Ерейментау аудандарында 20,9 мың инерттік материалдар, 99,3 мың дана қап, 184,9 тонна жанар-жағармай, 16,7 тонна азық-түлік тағамдары дайындалған. Бүгінгі таңда Жарқайың ауданы қап пен жанар-жағармай сатып алмағанын атап өткен жөн. Сондай-ақ, Қорғалжын, Еңбекшілдер, Бурабай, Егіндікөл аудандарының су тасқыны шараларына дайындығы көңіл көншітпейді. Бірқатар аудандардың әкімдіктері инерттік материалдар, қап және жанар-жағармай сатып алу жұмысын жүргізуде. Төтенше жағдайда арнайы медициналық көмек көрсету үшін өңірдің қалалары мен аудандарындағы ауруханалардан орын бөлінді, дәрі-дәрмек қоры жасалды. Тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуде.
– Осы жұмысқа қанша адам, қанша техника тартылуда?
– Облыс аумағындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынған мәліметіне сәйкес, алдағы су тасқыны шарасына 2588 адам мен 1220 техника дайындалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 5510 әскери бөлімшесі мен облыстық ішкі істер департаментінен 485 адам, 103 техника мен 5 қайық тарту жоспарланған. Облыс аумағындағы жағдайға қарай, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің өзге өңірлердегі бөлімшелерінен 461 адам, 66 техника, 16 қайық әкелу межеленген. Көкшетау және Степногорск қалалары мен 17 аудандағы жергілікті атқарушы органның қаулысымен 345 азаматтық қорғаныстың аумақтық құрылымы құрылды. Құрылымның құрамына 3701 адам, 752 техника, құрамында 1452 адамы бар жедел қимылдайтын 20 отряд, 548 автокөлік, табиғи және техногендік төтенше жағдайдың салдарын жою үшін инженерлік және арнайы техникалар кіреді.
– Бүгінгідей сындарлы шақта бәрін шешетін нақты іс-қимыл ғой.
 – Алдымен, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Есіл, Сандықтау, Целиноград және Шортанды аудандарында су тасқынын апатсыз өткізу мақсатында елді мекендер мен көлік коммуникациясы үшін су алу қаупі бар өзендерде мұз жару жұмысы жүргізіледі. Арнайы бригадалар көпірлер мен су өткізгіш нысандарының астын тазалауда. Облыс аумағындағы 114 гидротехникалық нысан бақылауға алынды. «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мәліметі бойынша облыс аумағындағы жағдайға мониторинг пен болжау жүргізу үшін 45 метеостанция, 29 гидробекеті, 8 көл гидробекеті, 21 агрометеобекеті жұмыс істейді. Сондай-ақ, әкімдіктер күшімен және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерімен өзендердің қауіпті учаскелерінде судың деңгейін бақылайтын 90 қосымша бекет тәулік бойы кезекшілік жасамақ. Сондай-ақ, департамент су тасқыны мен өрт қаупі туындайтын кезеңде жедел космостық мониторингтік ақпарат алу жөнінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен келісім-шартқа отырды. Әрине, осы сындарлы шақта көп мәселе біздің жіті іс-қимылымызға байланысты. Сол үдеден шығамыз ғой деген үміт бар.
– Әңгімеңізге рахмет.
Сұхбатты жүргізген Рамазан ТІЛЕУОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар