Әңгіменің арқауы – ана денсаулығы

Астана қаласындағы №2 облыстық ауруханасында акушерлік жəне гинекология мəселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Аталмыш шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Иманқұлова жəне өңірдегі медициналық мекемелердің бас дəрігерлерінің орынбасарлары мен акушер-гинекологтары қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Конференцияда өз ісінің шебері, профессор Серік Ысқақов баяндама жасап, жүктілік кезінде іштегі баланың жағдайы мен босану туралы, қазіргі  заманғы жедел гинекология, сондай-ақ, жүктілік кезінде, босану жəне босанғаннан кейін қан кетуді емдеу, алдын алу əдістері туралы ой-пікірлерімен бөлісті.     
Сонымен қатар, білікті дәрігер облыс акушер-гинекологтарына лапароскопиялық гистер-эктомия бойынша шеберлік сабағын өткізді. Профессордың айтуынша, лапароскопиялық гистерэктомия лапароскопиялық жол бойынша жатырды алып тастау əдісі. Бұл – ауруды асқындырмай, науқастың тез сауығып кетуі үшін таптырмас əдіс болып табылады. – Аталмыш əдіс бойынша ота 0,5-1 сантиметр тілік арқылы енгізілген лапароскоп-оптикалық құралдың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл  жараның отадан кейін тез бітіп, науқастың қысқа мерзімде, яғни, 3-4 күннің ішінде сауығып кетуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, науқасқа отадан кейін ауырсынуды басатын дәріні беру қажет етпейді», – деді ол өз сөзінде. Ақмола облысының дәрігерлері жатырды тіліксіз алып тастаудың қазіргі заманғы әдісін қолданысқа енгізуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар