Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кемел елдің келешегі - АРҚА АЖАРЫ

Кемел елдің келешегі

 

Облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында «Алаш» партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай, «Жас батыр» балалар байқауы болып өтті.

 

Байқауға Көкшетау қаласының мектептерінде оқитын 10 оқушы қатысты. Қатысушылар  үш аталым бойынша өз өнерлерін ортаға салды.  Ер балалардың елге деген сүйіспеншілігін, Алаш арыстарына деген құрметі олардың әр  оқыған жыр шумақтары мен қойған көріністерінен айқын көрініп тұрды.
Байқаудың бірінші кезеңінде оқушылар өздерін таныстырды.  Екінші бөлімде  Алаш көсемдерінің өмірін театрландырылған көрініс арқылы көрсетті. Облыс орталығындағы №14 орта мектебінің Ербол Жұмабай,  №7 орта  мектебінің  оқушысы Бекзат Қазикәрім және №21 орта  мектебінің  оқушысы Әбдурахман Қоянбек  Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың түрмеде азап шегуін, Әлиханның тергеудегі сәтін сомдады.
Мектеп оқушылары Әлихан аталарының  елі үшін іркілмей сөйлегенін жақсы көрсете білді. Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы қазақ бастауыш мектебінің  оқушысы Нұрхан Құрманғалиев Самырат Кәкішевтің «Қайта қауышу» атты  естелігіндегі Ахмет Байтұрсыновтың өмірінен үзіндіні сыныптастарымен бірге көрсетті. №1 мектеп гимназиясының оқушысы Әлішер Боранбеков Міржақып Дулатовтың «Қонақ кәде» әңгімесін, №18 орта  мектебінің  оқушысы Рахат Ұланов  Ақпан төңкерісі жайлы, №17 орта  мектептің оқушысы Ералы Байзолла, Краснояр  кентіндегі №1 орта мектептің оқушысы  Ілияс Жамилахын Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызмет туралы көрініс қойды. «Тәуелсіздік белесі – ұлы арман кемесі» тақырыбында №17 орта мектебінің  оқушысы Рамазан Увайдаев еліміз егемендік алып, еңселі елге айналғанға дейінгі мемлекеттің қандай қиындықтардан өткені  жайлы көрінісі көрермендерге ой салып  толғандырды.  «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, үшінші кезеңде байқау қатысушылары әуезді әндер шырқап,  би билеп, жыр шумақтарын оқыды.
Байқаудың қорытындысы бойынша №21 орта  мектебінің оқушысы Әбдурахман Қоянбек бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Краснояр кентіндегі №1 орта мектебінің оқушысы Ілияс Жамилахын  иеленсе, үшінші орынды №17 орта мектептің оқушысы Ералы Байзолла алды. Барлық қатысушылар мадақтама қағаздармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар