Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақсат – парақорлықты тежеу - АРҚА АЖАРЫ

Мақсат – парақорлықты тежеу

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен және «Парасыз болашақ» девизімен жемқорлыққа қарсы мобильді топ өз жұмысын бастады.

 

Аталған агенттіктің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып жатқан жобаға негізінен қоғамдық ұйымдардың, атап айтқанда, жас-тар ресурстық орталығының, «Атамекен» палатасының, кәсіподақ ұйымдарының  және ұлттық бюро департаментінің  өкілдері қатысуда.
Бұл іс-шараның мақсаты – халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттері, оларды жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу-
ге шақыру, пара беру немесе алу әрекеттері орын алған жағдайда, құқық бұзғандарға қандай жазалар қолданылатындығын түсіндіру болып табылады.
–Мұндай жұмыстар алдағы уақытта облыс аудандары мен қалаларында халық көп жүретін орындарда, мәселен, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, медициналық мекемелердің аумағында, басқа орталықтарда өткізіледі деп жоспарлап отырмыз. Бүгін ішкі істер органы мемлекеттік автоинспекциясының ғимараты жанында өткізіп отырмыз. Жылжымалы насихат тобы облыс орталығының басқа да орындарына барып, осындай жұмыстар жүргізілетін болады. Акция аясында халыққа кеңес беру, түсіндіру-ақпараттандыру шараларымен қатар, қоғамдық қабылдаулар да өткізілмекші. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында қандай да бір ақыл-кеңесті қажет ететін немесе пара беруге жол бермеймін деген азаматтарды қашан да қабылдауға дайынбыз,  –
дей келе  департамент басшысы Берген Беспалинов аталмыш шараның жыл бойы өткізілетіндігіне тоқталды. Алдағы уақытта департамент қызметкерлері еңбек ұжымдары мен кәсіпорындарға барып, акция аясында кездесулер өткізуді жоспарлауда.
Мобильді топ мүшелері МАИ ғимаратының жанында мекемеге келіп-кетушілерге пара беру дұрыс емес, парақорлар болашағынан айырылатындығы туралы жазылған парақшалар мен кітапшаларды таратты. Бұдан соң мобильді топ «Алтын ғасыр» сауда орталығының жанында осы жұмысты жалғастырды. Департамент қызметкерлері «Тыныс» ЖШС-нің демалу аппараттарын шығаратын зауытындағы жұмысшылармен кездесіп, мобильді топтың жұмысының мән-маңызын, сыбайлас жемқорлықтың қатерлі екендігін түсіндіріп, пара берушілер құқықтық тұрғыда жауапқа тартылатындығы жайында әңгімелесті.
– Осындай топтар құрып, сыбайлас жемқорлықпен күресті түрлі формада ұйымдастырып тұрған өте дұрыс. Себебі, халық күнделікті күйбең тірлік барысында кез келген мәселені тез арада біреуге пара беріп шешуге болады деп ойлап, өзімен қоса өзгені де сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне итермелеп жатады. Мемлекеттік қызметшілерге де пара ұсынып жататын жағдайлар кездеседі. Осындай әрекеттердің орын алмауы үшін жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыратын танымдық, насихаттық іс-шараларды көптеп ұйымдастыру қажет. Әр азамат өз үлесін қосқаны абзал, – деді мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетов.
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар